ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ҰБТ-ДАҒЫ ОРТА БАЛЫ - 79,6

17:56, 3 шілде 2018

Жұрт назарын аударған білім сынағы... сәтті аяқталды. Жеткен жетістік көңіл қуантарлық. Ұлттық Бірыңғай тестілеу қорытындысымен облыстың орта балы 79,6 болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық.

Облыс бойынша биыл 33 765 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырған. Олардың 25 999 - қазақ, 2 834 орыс мектебін бітірсе, қалғаны өзбек, тәжік сыныптарында оқыған. Яғни, ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға мектеп бітірушілердің 22 417-сі өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары.

Исатай Сағындықов - облыстық білім басқармасының басшысы

Ұлттық Бірыңғай тестілеудің қорытындысымен 22417 бітірушінің 22091-і тестілеуге кіргізілді. 326 оқушы 304 оқушы өз өтінішімен,22 оқушы денсаулығына байланысты тестілеуге қатыса алмады. Жалпы өткен жылмен салыстырғанда қатысқандар саны 800 оқушыға артты.

Айта кету керек, биылғы сынақта өңірімізде бала санының артқанына қарамастан, орта балл жоғары болды. 100 балдан жоғары жинағандардың қатары 5 267-ге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 7 пайыз артық. Ал, шекті деңгейден өтпегендер саны - 2755 оқушы. Өткен жылға қарағанда 3,5 пайызға кеміген.

Исатай Сағындықов - облыстық білім басқармасының басшысы

Шектік деңгейде өтпегендердің саны 2755 12,5 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,5 пайызға кеміп, оқушылардың үлгерімі артты. ҰБТ ережесін бұзғаны үшін 5 оқушы аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижесі жойылды. Мұнда келеңсіз жағдайлар Шымкент қаласының №41,№43,№80 және Арыс аудынының №1,Сарыағаш ауданының №15 мектебінде кездесті.

Сонымен, биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру деңгейі 7 пайызға артты. Ауылдық жерлердегі білім мекемелері де оң нәтиже көрсетті. Жалпы көрсеткіш бойынша Отырыр ауданы ең жоғары балды иеленді. Сондай-ақ, ең жоғары 139 балды Сарыағаш ауданы №16 Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ақерке Тастан жинады. Ал, 138 балды көрсеткішке қала, аудан мектептерінен 3 оқушы қол жеткізді. 136 балл өңіріміздің 11 баласына  бұйырды.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ                                          

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...