ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ОЗАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

22:06, 5 шілде 2018

Ордабасы ауданында ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытынды нәтижелері жария етілді. Жергілікті оқушылар арман мен білім ұштасқан сынақта... жоғары көрсеткішке ие болып, ата-аналар мен ұстаздар қауымын қуанышқа кенелтті.

Жалпы, аудан аумағында  1729 оқушы аттестат алған болса, оның 1 036-сы тестке  қатысуға ниет білдірген.  Білім озаттарының арасынан 58 «Алтын белгі» иегерлері анықталды. Олар да өз білімдерін ақтап шыққан. Бұл сынақта талапкерлердің 11 жыл бойы оқыған білімдері сараланып, сынақтан сүрінбей өткендері дараланды. Асығы алшысынан түсіп, бабы мен бағы келіскендердің бірі - Қажымұқан атындағы жалпы орта мектептің түлегі, «Алтын белгі» иегері Әсел Сланбекова. Ол білім сынағындағы 140 сұрақтан 135 балл жинап, ата-анасы мен ұстаздарының үмітін ақтады. Болашақта ақ халатты  дәрігер  болуды армандайды. Бұрымдыны аудан әкімі Рашид Қайыпжанов арнайы құттықтап, алдағы оқуына сәттілік тіледі.  Білім додасындағы жеңісіне марқайған Әсел... келешекте Қазақстанның дамуы жолында... аянбай еңбек етуді мақсат етеді.  

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ                                                                                                      

Тақырып бойынша материалдар

ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
17:07, 21 тамыз 2019
ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
15:49, 21 тамыз 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...