ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТІК ТҮЛЕКТЕР ҰБТ СЫНАҒЫН ТАПСЫРУДА

14:15, 21 маусым 2018

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағының екінші күні өтіп жатыр. 11 жыл бойы алған білімін сарп ететін сайысқа... шымкенттік оқушылар бек дайындықпен келген.

Баянсұлу Сұлтанбек Шымкенттегі №19 орта мектепті бітіріп отыр. ҰБТ-ға қатысып, бағын сынауға келген оның бойынан қобалжу байқалмайды. Болашақта заңгер болуды армандайтын жас қатарластарына серпін беріп тұр.

Бұл күні ата-аналар да үлкен толқыныс үстінде. Ұстаздармен бірге ұл-қызына сәттілік тілеп, елдегі жаңалықтарға алғыстарын білдірді.

Айтып өтейік, биылғы ұлттық тестілеу тапсырмаларының базасы 50%-ға жаңарды. Өткен жылы 80 мыңнан астам тест тапсырмасы болса, биыл 120 мыңнан асады. Оның шамамен 11 пайызы функционалды сауаттылықты анықтауға бағытталған. 37 пайызға жуық сұрақтың бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ                          

 

Тақырып бойынша материалдар

ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
17:07, 21 тамыз 2019
ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
15:49, 21 тамыз 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...