ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

TEDх - жастардың инновациялық жобаларына қолдау

16:47, 20 наурыз 2017

Жастар жан-жақты болуы үшін білім-дағдысы мен белсенділігін мектеп жасынан бастап, нығайту қажет. Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебі осы орайда TEDх инновациялық жобаларын бірнеше жылдан бері іске асырып келеді. Бастама несімен бағалы?

Бұл жиынның Шымкентте осымен екінші рет өтуі. Қаладағы барлық мектеп басшылары келіп, қатысты. Өйткені, оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, көпшілік алдында еркін көсілуіне жағдай жасайтын жобаның тиімділігі жоғары. Оны тіпті, барлық білім ошақтарына енгізу жоспарда бар.

Күләш Шәмшидинова – Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы

Жалпы еліміздегі үш тілділікті дамытуға байланысты мұның атқаратын ролі өте зор. Міне осыны айтқым келеді. Өздеріңіз көрдіңіздер бал өз ойын қалай дамыту керек мәселесін орыс тілінде орыс тілінде айтып жатыр. Ол шын мәнінде қазақ тілді бал. Қазақ тілін дамыту үшін орыс тілді балалар сөйлейді.

Шара кезінде оқушылар өздері таңдаған тақырып бойынша ой қозғады. Қойылған басты талап - белгіленген уақыт ішінде тақырыпты ашып, қоғамдық пікірталас тудыру. Жобалар алаңына шыққандардың бірі – Бекнұр Зиябек. Оқушы ауыл баласы мен қала баласы арасындағы білім алшақтықтығы бар ма? Осы төңірегінде ізденген. Пайымынша, ешқандай  айырмашылық жоқ.  

Бекнұр Зиябек - Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 –сынып оқушысы 

мен осыған дайындалу үшін мектердегі білім беру статистикасын жинадым. Сонымен қатар интернеттен түрлі мәліметтер жинадым.  Ауыл балалары жиналысқа көп жетеді. Қала балалары да олардан қалыспайды. Сол себепті де екеуі де бір біріне өте ұқсас деп айта аламын.                                           

Әзірге тек зияткерлік мектеп оқушыларын қамтыған шараға алдағы уақытта жай білім ошақтарының шәкірттерін тарту жоспарланған. Өйткені, жоба мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға да көп көмегін тигізеді.

МАҚСҰТ Жарылқасын   

Тақырып бойынша материалдар

Оқушылар ең таңдаулы кәсіпорындарға экскурсия жасады
17:47, 15 желтоқсан 2017
Оқушылар ең таңдаулы кәсіпорындарға экскурсия жасады
Толығырақ...
Созақта қос бірдей балабақша пайдалануға берілді
17:39, 15 желтоқсан 2017
Созақта қос бірдей балабақша пайдалануға берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...