ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ТӨРТ ҚАБАТТЫ МЕКТЕПТЕР САЛЫНАДЫ

13:09, 24 шілде 2018

Шымкент қаласында оқушылар санының көбеюіне байланысты құрылыс нормалары мен ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұдан былай қалада 4 қабатты мектептер көптеп салынады. Соның арқасында бір мектепте 3 мыңға жуық бала білім алмақ.

Бұрындары  білім ұясының ең ауқымдысы 1200 оқушыға ғана арналып салынатын. Енді міне, мектеп сыйымдылығы  3 мың балаға жетіп отыр. Бұл тиімді, әрі  қалада тапшы жер телімін үнемдеу жағынан ұтымды.

Ғалымжан Өтенбаев - Шымкент қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары

Жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұрындары бір оқушыға 53 шаршы метр қарастырылса, бүгінгі таңда бір оқушыға 43 шаршы метр белгіленіп отыр. Шымкент қаласында адамдар жиі шоғырланған шағынаудандарда қалалық  білім бөліміне тиісті ұсыныстарды жолдадық. Білім бөлімі  бір жарым мыңдық, 3 мыңдық мектеп қажет пе, соны айтады. Соған сәйкес, жобалау сметалық құжаттарын дайындалатын болады.

Бүгінде қала аумағында 133 білім ұясы бар. Соның 8-і білім стандартына сай емес. Ыңғайластырып салынған ғимараттарға жайғасқан. 25 білім ошағы күрделі жөндеуді қажет етеді. Ал, 2  білім мекемесі үш ауысымда оқуға мәжбүр. Келешекте  төрт қабатты мектеп салынар болса, осы мәселенің түйіні шешілмек.

Пазылхан Асауов – Шымкент қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі

Мектеп салатын жердің көлемін азайтып, 4 қабатты мектеп салу мәселесі қарастырылуда Төрт қабатты етіп салу бізге ыңғайлы. Қала ішіндегі жер учаскелерінің тарылуына байланысты төрт этажды етіп салу  бізге жақсы, ыңғайлы болып отыр қазіргі таңда.

Жаңа құрылыс ережесіне сәйкес, төрт қабатты мектеп ғимараттары салынған жағдайда білім саласындағы басты проблемалар оң шешімін таппақ.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ                                               

Тақырып бойынша материалдар

ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
17:07, 21 тамыз 2019
ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
15:49, 21 тамыз 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...