ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Толығырақ

ТҮЛЕКТЕР ҮШІН ЖАУАПТЫ СӘТ

19:47, 21 маусым 2018

Биыл екінші рет жаңа форматта өтіп жатқан сынаққа отырарлық түлектер де тас-түйін дайындалды. Жауапты тестілеуге мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан шәкірттердің 72 пайызы қатысты.

Биыл аудан бойынша 711 оқушы ыстық ұясымен қоштасқан. Оның 516-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Бүгін 509 оқушы қазақ тілінде тестілеуден өтсе, 7 оқушы орыс тілінде сынаққа қатысты. Айтып өтейік, ҰБТ тапсырушылар қатарында жаңа форматқа сәйкес мектепте емтихан тапсырғандар да бар. 53 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 20 оқушы үздік аттестатты қорғап отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына оқушылар жан-жақты дайын екендіктерін айтып, қуантуда. Түлектердің білімі сарапқа түсетін жауапты сәтте... кейінгі толқынға жергілікті билік те ақ жол тіледі. Бар ынта-ықыласты емтиханға аударып, елдегі білім саласына жасалып жатқан қамқорлықты мейлінше пайдалана білуге шақырды.

ЕРЛАН АЙТАХАНОВ – ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Сіздер Қазақстанның болашағысыздар, ал, болашақ бүгіннен басталады. Сіздер кеше ғана бүлдіршін бала болсаңыздар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын тұрған түлексіздер. Алдарыңызда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр.  11 жыл бойы мектептен алған білімдеріңіз бен еңбектеріңіздің жемісі жоғары болады деген сенімдемін.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...