ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫС ЕТІЛДІ

19:26, 27 маусым 2018

Оңтүстік Қазақстан жоғары педагогикалық колледжі бітіруші түлектеріне диплом тапсыру кешін өткізді. Биыл оқу ордасы 415 түлекті қанат қақтырып, сән-салтанатымен шығарып салды.

Бүгінгі бітіруші түлектердің қуанышында шек жоқ. Олар өз болашағына зор сеніммен қарайды. Ендігі міндет – ұшқан ұядан алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болу, - дейді колледж директоры.

Гүлнәр Ибрагимова – Оңтүстік Қазақстан жоғары педагогикалық колледжінің директоры

- Өте қуаныштымыз. Біз үшін бұл үлкен мереке. Түлектерге тілейтінім, алған дипломдарының жемісін көрсін! Үлкен өмірде қолдау көрсетсін. Жақсы маман болуына тілектеспін! Осы жерде алған білімдері өздеріне жәрдем береді деп сенемін.

Бүгінде оқу ордасы - өзіндік оқыту дәстүрі қалыптасқан, облыстық, республикалық білім кеңістігінде кеңінен танылған, ілім мен ғылымның, мәдениет пен өнердің қарашаңырағы. Көкіректерін қуаныш кернеген жастардың бойынан тек толқыныс пен қуаныштың лебі еседі.

Қасиет Жұмаш – Оңтүстік Қазақстан жоғары педагогикалық колледжінің студенті

- Биыл осы оқу жылын бітіріп жатырмыз. Үлкен толқыныс үстіндеміз. Барлығымыз қуанып жүрміз. Өзім үздік диплом алайын деп жатырмын. Қызыл диплом. Оған өте қатты қуаныштымын. Осы мамандығымды жалғастырып, болашақта үлгі тұтар ұлағатты ұстаз болам деген ойдамын.

Биылғы оқу жылында колледжді 415 студент бітірді. Ал, 51 түлек үздік диплом иегері атанды. Салтанатты жиын соңында қимастық сезімге бой алдырған жастар назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...