ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

Түлектерге ҰБТ тапсыру күнiн ауыстыруға рұқсат етiлмек

21:39, 13 ақпан 2018

Ұлттық тестiлеу орталығының басшысы Рамазан Әлiмқұлов биыл тест тапсыру шарттары бiраз жеңiлдейтiнiн айтты. Бұл жайында ол Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысына дейiн берген сұхбатында мәлiмдеді. Биылға жылғы ҰБТ-ға бұдан өзге бірнеше өзгерістер енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Рамазан Әлiмқұловтың айтуынша, ендi орынды себептер болған жағдайда, түлектерге Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi тапсыру күнiн ауыстыруға рұқсат етiледi. Бұған дейiн орынды себебi болса да түлек ҰБТ-ны өз тобында тапсырмаса, басқа топта тапсыра алмайтын. Ал, биылдан бастап осындай мүмкiндiк қарастырылған.

«Биыл ҰБТ форматы өзгермейдi. Тестiлеу үш мiндеттi және екi таңдалған пән, барлығы бес пән бойынша өтедi. 2018 жылы тестiк тапсырмалар базасы 50%-ға жаңарды. Тест сұрақтарын дайындаған азаматтардың айтуынша, жаңартылған сұрақтар пәндi жаттамай, жақсы түсiнуге мүмкiндiк бередi», - дедi Ұлттық тестiлеу орталығының директоры.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОТЫРАР  ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ  ТАМСАНДЫРДЫ
13:29, 15 қазан 2018
ОТЫРАР ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ ТАМСАНДЫРДЫ
Толығырақ...