ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ТҮРКІ ДҮНИЕСІ ЖАСТАРЫНЫҢ IV ЖАЗҒЫ ОҚУЫ БАСТАЛДЫ

14:27, 28 маусым 2018

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркі дүниесі университеттері жастарының IV жазғы оқу курсы басталды. Арнайы курста әр елдің жастары түрік тілінде білім алып, тәжірибелерін шыңдамақ. Дәстүрлі шара Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шымылдық түрді.

Бұл жиын ынтымағы жарасқан Түркі жұртының бауырластық көпірін бекемдеуге жол ашып отыр. Халықаралық мәртебесі бар университетте түркі дүниесі студенттерінің білім алмасуы, достық қарым-қатынас орнатуы туыс елдер арасындағы байланысты одан әрі арттыра түспек.

Университетте түркі тілдес шәкірттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тіл үйреніп, магистратура, докторантура бағытында білім алуға мүмкіндік зор. Биылғы жобаға қатысуға 391 студент өтінім білдірген. Алдағы 3 апта бойы Түркия Республикасынан 210,  Қырғызстаннан 73, Өзбекстаннан 15 және Қазақстанның ЖОО-нан келген 93 студент өзара достаспақ ниетте. Игі бастама Түркия мемлекетінің қаржыландыруымен жүзеге асып отыр.

Енді жаз маусымында түрік елінен келген шәкірттер қазақ және орыс тілінде, ал, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген студенттер түрік тілінде дәріс алады. Курста ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында  семинарлар, мәдени бағдарламалар, тарихи-мәдени орындарға, киелі жерлерге экскурсиялар ұйымдастырылады. 

Алыс-жақын шет елдерден келген студенттер қазір осы оқу орнының жатақханасына орналастырылды. Шәкірттер орталық асханадан 3 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. Жастар үшін университеттің клиникалық-диагностикалық орталығы ақысыз қызмет көрсететін болады.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ                          

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...