ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ

15:49, 21 тамыз 2019

"Түркістан - Қызылжар - Қостанай - Көкшетау" ақпараттық тур өкілдерінің сапары Қостанай облысына жалғасты. Сарыкөл ауданына қарасты, Тәгіл ауылдық округіне ат басын тіреген делегация ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, түркістандық балалармен толыққан соң, жабылудан аман қалған Соналы орта мектебіне барды.

Бұл мектепте Ақшолпан Зұлпыхарова орыс  тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Түркістан облысы, Жетісай ауданынан былтыр көшіп  келген. 4 баланың анасы Ақшолпан өзінің батылдық танытып қоныс аударғанына өкінбейді. Жұмысшы болып істейтін жолдасының айлығы да жеткілікті.

Ақшолпан Зулпыхарова – қоныс аударушы

Келгелі жағдайымыз жақсарды. Бұрын Күйеуімде жұмыс бар, өзімде жоқ еді. Қазір екеуміз де жұмыс істеп, бала-шағамызды асырап оытрмыз.

Айта кетерлігі, Соналы мектебінде 41 оқушы болса, соның ішінде 19 оқушы оңтүстік өңірден көшіп келген отбасылардың балалары. Күнгейден көптеп келген оқушылардың арқасында жабылуға шақ қалған мектеп қазір толыққанды жұмыс істеуде.Ауыл адамдары бұл үшін қоныс аударушыларға риза. Ауыл әкімінің айтуынша, тұрғындар бір отбасыдай тірлік етуде.

Сағымбай Қасенов – Тәгіл ауылдық округінің  әкімі

2018 жылы 8 отбасы көшіп келді. 5 отбасы жеке меншік шаруа атқарып жүр. Қалғандары осы мектепте сабақ береді. Қоныс аударушылардың 19 баласы мектебімізде оқиды.

Халық арасында Сарыкөл ауданы Соналы ауыл округін егіздер, үшемдер дүниеге көптеп келетін "қасиетті мекен" деп атайды. Нақты айтқанда, 2000 жылдардан бері бір ауылдың өзінен 28 егіз, үшемдер дүниеге келген. Ғалымдар бұл феноменді осы аймақтың табиғаты және энергетикасымен байланыстыруда.

Д.НАХЫПБЕК

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...