ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

ҰБТ-ДАН АЗ БАЛЛ ЖИНАҒАН ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА!

13:09, 20 шілде 2018

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, грантқа ілінбеген жастарға жағымды жаңалық! Шығыс, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы оқу орындарынан 5 089 мемлекеттік грант бөлініп отыр. Бұл игі бастама «Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» бағдарламасы бойынша қолға алынған. Бұл жаңалықты Түркістан облысы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мұхтар Сейітжапбаров БАҚ өкілдеріне баяндады.

Биыл өңіріміздегі жалпы білім беретін 1 029 мектепті 33 мыңнан астам оқушы бітіріп отыр. Бұл түлектердің 22 091-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 19 мыңнан астамы шекті балл жинаған. «Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» бағдарламасы - грантқа ілінбеген жастар үшін зор мүмкіндік.

Бұл бағдарлама мемлекет  үшін маңызды. Еңбек күшін қажет ететін еліміздің Солтүстік, Батыс және Шығыс аймақтарындағы 24 жоғары оқу орны мен 30 кәсіптік-техникалық колледжге халқы тығыз орналасқан  аймақтардан шәкірт тарту, еңбек нарығында тапшы мамандар даярлау көзделген. Жалпы, жоба басталғалы бері 4 жылда... бағдарлама бойынша білім алған 15 мыңнан астам  жастың басым бөлігі - түстіктің төл қазір теріскейдегі жоғары оқу орындарында – 6 490,  колледждерде 1 938 түркістандық білім алуда.

«Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» бағдарламасы бойынша өңірімізде құжаттарды тапсыру шілде айының 18-і мен 20-сы аралығында  жүріп жатыр. Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-нің А корпусында, ОҚМПУ—ті мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-де құжаттар қабылданады. Ал, кәсіптік-техникалық колледждерде білім алуға ниетті талапкерлерден  құжаттар облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында тамыз айының 20-на дейін жүргізіледі.

К. ДҮЙСЕНБІ   

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...