ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Толығырақ

ҰБТ НӘТИЖЕСІНДЕ ОТЫРАР АУДАНЫ КӨШ БАСЫНДА

18:18, 29 маусым 2018

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Отырар ауданы көш бастап тұр. Облыста бұл мекен түлектері 90,4 пайызбен алғашқы орынға шықты. 49 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Мұны елеп-ескерген аудан әкімі Ерлан Айтаханов білім озаттарын арнайы қабылдады.

Балалық шақтан болашаққа қадам басқан жастар еліміздегі және шет елдердегі белді жоғары оқу орындарында атақ-даңқын асқақтатып жүр. Бүгінгі  қабылдауда да жас түлектер алғырлықтарын байқатты. «Біз жыл сайын ауданымыздан түлеп шыққан үздіктерге мониторинг жасап, оларды «Алтын кадр» қорына тартудамыз», - деді аудан әкімі.

Егемен елдің жалынды жастары бүгінде білім нәрімен сусындап, туған жерінің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосуда. Осы орайда аудан басшысы талай сыннан сүрінбей өткен түлектерге қалыптасқан дәстүр бойынша туған жердің тарихын тану мақсатында сауал жолдады. Тосыннан қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берген Отырар жалпы орта мектебінің түлегі Айдана Тұрдалы аудан әкімінің арнайы сыйлығын жеңіп алды. «Алтын белгі» иегерлері бетпе-бет жүздесіп, ашық әңгімелескен аудан басшысына алғысын білдірді. Білім бәсекесінде Отырардың атын асқақтатқан түлектерге аудан әкімі түгелдей сый-сияпаттар тапсырды.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...