ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Жаңа оқу жылына - жаңа балабақша

15:47, 10 тамыз 2017

Түркістан қаласына қарасты Құнтиын ауылында балабақша салу кезек күттірмес іс еді. Енді биылғы оқу жылын елдімекен балғындары 120 орындық жаңа бөбекжайда қарсы алмақ. Нысан құрылысы 2016 жылдың қарашасында басталған болатын. Балғындар ғимараты бітуге таяу.

     Балабақшаның салынуы, ең алдымен, бүлдіршіндер мен қарияларға қуаныш сыйлады. Күн ұзақ бала бағумен уақыт өткізетін қарттардың енді қолы босап, қаусаған шақта ем-домға мән бермек. Оның үстіне, немерелері мектепке дейінгі сауатын осында ашып, әріп танитынына дән риза. Бұл балғындардың оқу ордасында білім шыңын бағындыруға да септігін тигізбек.
      Құрылыс жұмыстарын 90-ға жуық жұмысшы атқарды. Дені - жергілікті тұрғындар. 10 адам «Жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде еңбек етуде. Құрылысқа қажетті материалдар толығымен қазақстандық өнімдер. Мердігер бар талаптың үдесінен шығып отыр.

      Балабақшаның құрылысына қазынадан 220 млн. теңге бөлінген. Заман талабына сай бой көтерген ғимаратта бүлдіршін игілігі үшін барлық жағдай жасалған. Ауыл тұрғындары жаңа білім ордасы перзенттерінің оқуға деген ынтасын арттырады, - деп, ертеңге зор үмітпен қарайды.

ДИДАР Өмірзақова

Тақырып бойынша материалдар

Білім басқармасының басшысы оқу құралысыз-ақ білім алуға болады деді
17:37, 9 қазан 2017
Білім басқармасының басшысы оқу құралысыз-ақ білім алуға бол...
Толығырақ...
ОҚО-да 12 мың бала 3 ауысымды мектепте оқиды
13:05, 6 қазан 2017
ОҚО-да 12 мың бала 3 ауысымды мектепте оқиды
Толығырақ...
Өңіріміздің үздікері Президенттік олимпиадада бақ сынады
13:36, 29 қыркүйек 2017
Өңіріміздің үздікері Президенттік олимпиадада бақ сынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...