ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ЖАТАҚХАНА САЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

18:22, 16 шілде 2018

Облыста 9 бірдей колледжге жатақхана салу үшін 5 гектар жер бөлінді. Бұл жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге аспақ. Жастарды жатынорынмен қамту үшін қосымша 9 нысанға жер телімі бөлініп, инженерлік коммуникацияға қосылу мәселесі оңтайлы шешілген.

Бүгінде өңірімізде 153 мыңнан астам студент білім алуда. Оларға жатақханадан 11 330 орын қажет. Бұл көрсеткіш 28 жаңа жатақхана құрылысын бастауды талап етеді. Оның ішінде жоғары оқу орындары студенттері үшін 7 800 орындық 17 жатақхана, ал, колледж студенттеріне 3 530 орындық 11 студент үйінің сұранысы туындайды. Әзірге Шымкент медициналық колледжіне 800 орындық, Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжіне 200 төсекке арналған жатақхана қажет. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына Созақ ауылындағы №1 колледжден 200 орындық жатақхана салу үшін қаржы бөлуге өтініш білдірілген. Бұл сапта Төле би ауданына қарасты Көксәйек ауылындағы көпсалалы техникалық колледж бен Шымкент саз, Түркістан медициналық, Жетісай медициналық, Шымкенттегі көлік коммуникациясы және технологиялар колледждері де бар. Бүгінгі таңда бюджеттен 85 065,52 мың теңге бөлінген. Бұл қаражат небәрі 5 жатақхана салуға ғана жеткілікті.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          

Тақырып бойынша материалдар

ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
17:07, 21 тамыз 2019
ОҚУШЫЛАРҒА 1 МИЛЛИОН ОҚУЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
15:49, 21 тамыз 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРМЕН ТОЛЫҚҚАН МЕКТЕП ЖАБЫЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...