ШҰҒЫЛ! Мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Толығырақ

Арыстай азаматтарды алып кеткен жол апатының себебі белгілі болды

15:24, 3 тамыз 2017

Геомагнитті толқын... Бұл – құпия сыры мол құбылыс. Мұндай толқындардың адамның денсаулығына, өмір жасына кері әсер ететінін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Ерекше толқын ендігінде жатқан жолдарда да қасірет көп. Жолкөлік оқиғалары жиі орын алады.

     Геомагниттілік, ол – жер мен ғарыштық кеңістік арасындағы магниттік өріс. Оның адамға зияны орасан. Әсіресе, жолдағы қайғылы оқиғалар осындай аумақтарда жиі болады. Статистикаға сүйенсек, былтыр елімізде 16 мыңнан астам ЖКО тіркелген. Оның басым бөлігі біздің өңірге тиесілі. Түстік жұртын  қапелімде қайғыға душар еткен арыстай қос азаматтың ауыр қазасына  осындай толқындардың да кері әсер еткені анық.

МҰСАТІЛЛА ТОХАНОВ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ҒАЛЫМ

  • Геомагнитті аймақтарда көлік жүргізушілердің миы уақытша ойлау қабілетінен айырылады. Ол аз ғана секундтарға созылады. Көзі қарауытып, рульге ие бола алмай қалады. Міне, осы кезде қайғылы оқиғалар орын алады.

     Ғалым Мұсатілла Тоханов бұл  салаға 20 жылдан астам уақытын сарп еткен. Апатты аймақтардың арнайы картасын да жасаған. Облыс орталығынан шыққаннан бастап, жол бойы арнайы құрылғысымен магнитті өңірлерді анықтап келді. Билік тізгінін үлкен беделмен ұстап, бақұл болған Сейіт Ертай мен Қамытбек Айтөреевтер қаза тапқан жер де ғалым пайымынша, қауіпті аумақта орналасқан. Оны жергілікті тұрғындар да растап отыр.

НҰРМҰХАНБЕТ БЕКМҰХАМБЕТОВ – НҰРА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

  • Сол оқиғаға куәгер болдық. Қатты дабыл шықты. Барып көрдік. Тұрған көлікке барып соқтығысқан, көз байланған дейді ондайда. Алланың да ісі шығар.

     «Сақтансаң, сақтайды»... Мұндай қауіпті аймақтарда жылдамдықты асырмай, жол ережелерін қатаң ұстану - маңызды. Жол  сақшылары мен жергілікті билік тарапынан ескерту белгілерін орнату – кезек күттірмейтін мәселе.

ТӨРЕБЕК Байтасов

Тақырып бойынша материалдар

Дәрігер қол ұшын беремін деп қаза тапты
15:31, 5 қазан 2017
Дәрігер қол ұшын беремін деп қаза тапты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шықпады
19:21, 16 қараша 2017
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шық...
Толығырақ...