ШҰҒЫЛ! Мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Толығырақ

Баласынан айрылып қала жаздаған ана, кінәлілер жауапқа тартылуын талап етеді

16:53, 13 қыркүйек 2017

Шымкентте 3 жасар баланы тоқ ұрып, нәрестенің оң қолын төртінші дәрежелі күйік шалды. Оқиға осыдан бірер күн бұрын Ордабасы алаңындағы «Жер Ана» монументінің маңында болған. Жанат есімді келіншек ұлы екеуі шалғайдағы ауылдан шырайы артқан Шымкенттті көруге келген. Қаланың қақ ортасындағы саябақтан жанға сая іздеп келіп, ұлынан айырылып қала жаздады.

      Бүлдіршін оқиға болған күні тым ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне келіп түскен. Дәрігерлердің айтуынша, қазір Ринаттың жағдайы бірқалыпты. Бірақ, күйік шалған қолын бүтін алып қалу екіталай.  Тоққа түскен бүлдіршін қатты шошынып та қалған. Сондықтан дәрігерлер кішкентай Ринаттың әлі біраз жататынын айтады.

Нұрдәулет Оралбаев – облыстық балалар ауруханасы күйік бөлімшесінің дәрігер-комбустиологі 

  • Бұл бала 7 қыркүйек күні түнгі сағат 23 –те келіп түсті. Келген кезде жағдайы ауыр болатын. Реанимацияға жатқыздық. Қажетті ем домын алып жатыр.

      Ауыл тіршілігінен бір сәтке сергіп, қалаға қыдырып келген Жанаттың жанайқайы жүрек ауыртады. Бір сағаттық сейіл бірнеше күндік сергелдеңге салып отыр. Оқиғаны тарқатып айтсақ. 

Жанат Әзімова – Ринаттың анасы

  • Көз алдымда ойнап жүрген балам аяғы шалынып, құлап кетті. Сол сәтте ол қолын жерге тіремек болып еді. Өкінішке орай, ашық жатқан жоғары кернеулі электр сымдарына қолы тиіп кетті. Менің балам болмаса да сол жерде өзге біреудің баласы болар еді ғой. Неге ашық қалдырады. 

      Иә, бұл - қаланың қақ ортасындағы көркі көз тартар Тәуелсіздік саябағы. 3 жастағы балақайдың ойнап жүріп, от басқан жері осы.

Батпа Баеділова – Ринаттың апасы

  • Міне, мына жерден құлап түсті де, қолы мына ашық тұрған қуыцстағы электр сымына тиіп кетті. Неге ашық жатады. Тәуелсіздік паркіне біз демаламыз деп келеміз ғой. Тоққа түссін, ажал құшсын деп емес. Жауаптылар жазалансын менің ұсынысым.  

      Бір қызығы, монументтің төрт бұрышына қойылған жарықшамдардың сымдары міне, осылай түгелдей ашық жатыр. Тым болмаса, электр желілерінің өткенін ескертетін белгі де жоқ. Тек біздің түсірілімнен кейін ғана қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары ашық жатқан электр сымдарын жамап-жасқап қойғансыпты. Ақсақ қой түстен кейін маңырайдының кебі.  

Нұрлан Бектұрсынов – Шымкент қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы

  • Ол ашық болған себебі, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ол баланың қалдай тоққа түскенін ешкім көрген жоқ. Біз ол жерді барып тексердік. Ток жоқ. Қолымен арнайы ұстағанға ұқсайды соған қарағанда. Енді біздің де кінәміз бар ғой. Дегенмен, ата-аналар балаларын қарау керек...

      Бірдің кесірі мыңға! Бұл оқиғада дәл осылай айтуға болады. Қолы іріген бала, етегі жасқа толған ана, ауруханаға жүгірген туған-туыс, адам жанына араша түскен дәрігерлер. Барлығы да жауапты мамандардың жауапсыз іс-әрекетінен жапа шегіп отыр. Ал, зардап шеккен бүлдіршіннің ата-анасы қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімін сотқа бермекші. Мекеменің мәселесін енді құзырлы органдар тексеретін болады.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы

Тақырып бойынша материалдар

Дәрігер қол ұшын беремін деп қаза тапты
15:31, 5 қазан 2017
Дәрігер қол ұшын беремін деп қаза тапты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шықпады
19:21, 16 қараша 2017
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шық...
Толығырақ...