ШҰҒЫЛ! Мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Толығырақ

Шымкентте Өзбекстандық азамат ажал құшты

17:56, 8 қыркүйек 2017

Шымкентте жол апатынан 3 адам зардап шегіп, оқиға орнында Өзбекстан азаматы ажал құшты. Еңбекші ауданы аумағында болған апат бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, Шымкенттің тәртіп сақшылары бұл күні 3,5 келі есірткі алып жүрген қала тұрғынын қолға түсірді.

      Оқиға таңғы сағат 5 жарымдар шамасында Әуезов пен Әлібеков көшелерінің қиылысында болған. Шұғыл хабарлама бойынша жеткен полиция қызметкерлері «БМВ» көлігін  1993 жылғы жүргізуші басқарғанын, ал, «Дэу Нексия» көлігі Өзбекстан азаматына тиесілі екенін анықтады. 1990 жылғы көрші ел азаматы өкінішке қарай, оқиға орнында көз жұмды. Оңтүстікқазақстандық тұрғын мен оның 1990, 91 жылғы жолаушылары түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек ҚР ҚК-інің 345-бабында көзделген «Жол жүру ережесін бұзу немесе көлік құралдарын басқарушы тұлғалардың көлік құралдарын пайдалануы» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

      Шымкент тұрғыны 3,5 келі есірткімен ұсталды. Күдіктіні есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында өз үйінде қолға түсірген. Тексеру жұмыстары кезінде полицейлер 48 жастағы азаматтан 50 орам өсімдіктектес есірткі затын тәркіледі. Сот-криминалистикалық сараптама қорытындысына сай, табылған есірткі затының жалпы салмағы 3,5 келі болатын марихуана екені анықталды. Аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің 296-бабымен іс қозғалды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Тақырып бойынша материалдар

Дәрігер қол ұшын беремін деп қаза тапты
15:31, 5 қазан 2017
Дәрігер қол ұшын беремін деп қаза тапты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шықпады
19:21, 16 қараша 2017
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шық...
Толығырақ...