ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Үйлену тойында атыс болды

15:01, 17 тамыз 2017

Сайрам ауданынан - суыт хабар... Ақсукент елдімекеніндегі мейрамханалардың бірінде атыс болып, той шырқы бұзылды.

Мәліметке сүйенсек, шұғыл хабарлама түнгі бірлер шамасында Аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне түскен. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы, бір топ жас жігіттер қонақтардың көңілін өздеріне аудару мақсатында  анықталмаған қарудан  аспанға бірнеше рет оқ атқанын анықтаған.  Салдарынан адасқан бір оқ  «Бентли» автокөлігіне тиген.  Одан жанамалап шашыраған бытыра екі әйелді жарақаттаған. Жәбірленушілер  аудандық ауруханаға жеткізілген.  Сайрам аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында үш күдіктіні ұстады. Олар 1992, 1993 және 1996 жылы туылған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.  Екеуі бұрын сотты болған. Қылмыстық дерек Сайрам аудандық ішкі істер басқармасында тіркелді.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» және 287-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.  Күдіктілер қамауда.  Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Малик Қайбар – Сайрам аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы

Олар 1992, 1993 және 1996 жылы туған ОҚО тұрғындары, екеуі бұрын сотты болған. Тәртіп сақшылары күдіктілердің бірінің үйін тінту барысында 12 калибрлі аңшылық шолақ мылтығын, екі травматикалық тапанша және әр түрлі калибрдегі оқтар тәркіленді. Ал, екінші күдіктіден «Мерседес» автокөлігінің ішінен айғақты зат ретінде 16 калибрлі аңшылық шолақ мылтығын және гильза тәркілеген.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Баласынан айрылып қала жаздаған ана, кінәлілер жауапқа тартылуын талап етеді
16:53, 13 қыркүйек 2017
Баласынан айрылып қала жаздаған ана, кінәлілер жауапқа тарты...
Толығырақ...
Шымкентте Өзбекстандық азамат ажал құшты
17:56, 8 қыркүйек 2017
Шымкентте Өзбекстандық азамат ажал құшты
Толығырақ...
Арыстай азаматтарды алып кеткен жол апатының себебі белгілі болды
15:24, 3 тамыз 2017
Арыстай азаматтарды алып кеткен жол апатының себебі белгілі...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
16:10, 18 қыркүйек 2017
ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
Толығырақ...
Жағымды жаңалық! Тұрғын үйлерге азаматтардан өтініш қабылданып жатыр
15:58, 20 қыркүйек 2017
Жағымды жаңалық! Тұрғын үйлерге азаматтардан өтініш қабылдан...
Толығырақ...
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
21:37, 18 қыркүйек 2017
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
Толығырақ...