ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

150 бала экспо көрмесін тамашалауға жолға шықты

15:40, 15 тамыз 2017

Мақтаралдан ЭКСПО көрмесін көруге жас буын жолға шықты. Кезекті сапарды ауданның 150 оқушысы жалғастырмақ. Саяхатшыларды аудан активі мен ата-аналар салтанатты түрде шығарып салып, сәтті сапар тіледі.

      Елбасы мақаласында көрсетілгендей, рухани жаңғыру білім алумен ғана шектелмейді. Бүлдіршіндер Отанын сүйіп, туған жерін құрметтей білу керек. Ол үшін ең алдымен, елдегі тарихи маңызды жерлермен жіті таныс болғаны абзал. Осы қағиданы басты назарға алған жергілікті билік 150 оқушыға қуаныш сыйлап отыр.

      Балалар тек көрмені тамашалап қана қоймай, әсем Астанадағы «Бәйтерек», «Ханшатыр», «Думан» ойын-сауық орындарында да болады деп жоспарлануда. Бұл сапар оқушылардың жаңа оқу жылына жаңа серпінмен кірісуіне мүмкіндік бермек.

      Жолға шыққандардың басым бөлігі - аудандағы әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар. Олардың саяхаты үшін жергілікті бюджеттен 5 млн 800 мың теңге бөлінген. Әр оқушыға 38 мың 400 теңге қарастырылған. Балалардың қауіпсіздігі үшін көрмеге аудандық білім бөлімінің мамандары мен педагог-психологтар, тәрбиешілер мен медицина қызметкерлері де жол тартады.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
14:14, 17 қыркүйек 2019
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...