ШҰҒЫЛ! 7 адамды алдап, қолға түсті Толығырақ

20 қария экспо көрмесін тамашалауға аттанды

18:40, 9 тамыз 2017

Әлем назары ауған «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалаушылардың қатары күн санап артып келеді. Елдегі жетістікті бас қалаға барып, көргісі келген түркістандық бір топ ардагер жолға шықты. Арқа төсіндегі арман қалаға бет алғандарды қала әкімі арнайы шығарып салып, сәт-сапар тіледі.

     Астанаға сапарға аттанғандардың ұзын ырғасы – 20 қария. Олар Түркістанды түлету жолында аянбай еңбек еткендер. Рухани шаһардың мәдени тұрғыда дамуына да күш салғандар.

ЖАРҚЫНБЕК ҚҰРМАНБЕК – ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

  • Қазаақстан егемендік алғалы бері көптеген жаңалық болып жатыр. Соның бірі – «ЭКСПО». Біз соны энергияны көруге павильондарды аралауға бара жатырмыз. Қандай жаңалық болып жатқанын көзімізбен көретінімізге қуаныштымыз.

     Елордадағы ел жаңалығын көруге бет алғандардың бар шығынын қала әкімдігі көтеріп отыр. Көрме билеті де демеушілер есебінен алынған. Өз кезегінде шаһар басшысы елімізде қолға алынған игі бастамаларға ерекше тоқталып, ондағы қарттардың рөлін саралады.

     Халықарылық көрмені тамашалауға бір Түркістан шаһарының өзінен 15 мыңға жуық азамат барады деп жоспарланған. Бүгінде меже 100 пайызға орындалып отыр. Ақсақалдардың сапары сәтті болуын тілеген жерлестері делегацияны әсем әннің жетегінде шығарып салды.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
17:42, 14 қыркүйек 2017
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 2017
14:51, 14 қараша 2017
Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 201...
Толығырақ...
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...