ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

Ардагерлер ЭКСПО-ға жол тартты

15:51, 28 шілде 2017

Ғалам ғажабы - ЭКСПО көрмесін көру қариялар үшін үлкен мұрат. Сайрам ауданынан халықаралық шараға 14 ардагер жол тартты. Биліктен қолдау тапқан олар көрген-білгендерін немерелеріне айтып, Қазақстан жетістіктерін паш етпекші. Сапар иелерін аудан басшылығы ақ жол тілеп, шығарып салды.

Мадияр Оразалиев – Сайрам ауданы әкімінің орынбасары

Аталарымыздың тізгінді қолға алып бара жатқаны - келер ұрпаққа үлгі. Келгеннен кейін олар өздерінің немерелеріне, балаларына, көпшілікке айтып жүреді. Бұл дегеніміз - біздің Қазақстанымыздың мақтанышы. ЭКСПО – халықаралық көрме. Себебі, басқа елде емес, біздің елде болып жатыр. Бұл деген тарихта ертең алтын әріппен жазылып қалады.

Қарт жолаушылардың Астанаға барып-келуін  ауыл әкімдері мен жергілікті демеушілер қаржылай қолдады. Оларға керек кезде медициналық көмек көрсету үшін бір дәрігер бекітілді.  Кәсіпкерлік бөлімінің маманы болса, жол қысқартып,  7 қария  және соншама кейуананы  түрлі ақпараттармен қамтамасыз етпек.  

Үміткүл Мұратбекова – Сайрам ауданы әжелер кеңесінің төрайымы

Мен өзім осы кісілерге басшы ретінде кетіп бара жатырмын. Басшы болатындай жастар емес қой. Бәрі үлкен-үлкен кісілер. Бірге барамыз. Аманшылық болса, бірге қайтамыз, абыроймен деп ойлап жатырмыз.

Қалмұхаммед Тұманбаев – Ардагер

Біз мынау қуанышты жағдайда Қазақстанның астанасына, үлкен дүниежүзілік көрмеге бара жатырмыз. Бізге осы мынау ауданның азаматтары сәттілік тілеп, қуанышымызға ортақ болып отыр. Соған ризашылығымызды білдіреміз.

Озат елдердің  баламалы энергия өндірудегі  озық тәжірибесі  - кез-келген буынға өнеге. Маңызды шараға сайрамдықтардың қолдауы мықты. Күні бүгінге дейін ауданнан 45 бала  көрмеге барып қайтты.  Енді 150 оқушы жолға қамданып отыр. 

АЙЖАМАЛ Махашова        

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
18:48, 12 қараша 2019
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
Толығырақ...