ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

Аудан оқушыларын "ЭКСПО" көрмесіне апару үшін 6 млн. теңге бөлінді

13:41, 23 тамыз 2017

Көз тартар келбеті талай туристі таңдай қақтырған... Астанаға.., ондағы "ЭКСПО"-ға бару мүмкіндігі қазығұрттық оқушыларға да бұйырды. Аудандағы 150 өрен «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашаламақ. Олардың дені - ата-ана қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен және оқуда озат балғындар. Шәкірттердің қауіпсіздігін «Жаңа талап» туристік агенттігі өз жауапкершілігіне алған.

      Ару қалада оқушылар үш күн болады. Бар шығын аудан әкімшілігінің мойнында. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 6 млн. теңге қаралған. Бала болашағына бейжай қарамайтын аймақ билігі игі іске баланы тартудан танған емес. Жас буын осы ізгілікті шарадан үлгі алса, - дейді.

      Жүз естігенше, бір рет көр! Жаз бойы тек теледидардан көрген көрмені оқушылар енді, өз көзімен тамашаламақ. Астанаға барып, инновацияның тың жетістіктеріне куә болады. Бұл - жаңа оқу жылы қарсаңында шәкірттердің  ойын сергітіп, білімге құштарлығын арттыратыны анық.

      Баланың шат күлкісі - анаға шексіз қуаныш. Перзентін сапарға шығарып салғалы тұрған олардың көңілінде толқу бар. Перзентін ауылдан алысқа ұзатпағандар оларды қанша қимағанымен, тарихи сәттің куәсі болғанын құп көреді.

      ЭКСПО - ұлттың ұлылығын танытар ауқымды шара. Халықаралық көрмені  бүгінде 3 млн.-нан астам адам тамашалап үлгерді. Тарихи сәттің куәгері болу үшін шалғай ауыл тұрғындары да бірнеше күн ат арылтып, барып келуде. Ел жетістігін саралаған барша қазақстандық туған Отаны үшін мақтанады.

ДИДАР Өмірзақова

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
18:48, 12 қараша 2019
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
Толығырақ...