ШҰҒЫЛ! 7 адамды алдап, қолға түсті Толығырақ

Бәйдібектік 30 оқушы «ЭКСПО» қызығын тамашалайды

12:52, 15 тамыз 2017

Жүз рет естігенше, бір рет көр! Бәйдібектік 30 оқушы әлем назары ауған Астанаға аттанды. Бас қаладағы «ЭКСПО-2017» көрмесін аралап, көрікті жерлеріне сейіл құрмақ. Оқушылармен бірге Астанаға аймақтың 20 тұрғыны да сапарға шықты. Жолаушылардың барлық шығыны аудандағы жеке кәсіпкер есебінен жұмсалды. Ел үшін елеулі шараны тамашалауға жол тартқандар қуанышын тілшіміз бөлісіп қайтты.

     Халықаралық көрмені тамашалау бақыты бүгін үш мектептің оқушыларына бұйырды. Демеуші - жеке кәсіпкер Ботбай Оралбек. Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, - деген ұстанымды жадына тоқыған азамат бұдан бөлек, бірқатар игі іске мұрындық болған.

      Бәйдібек ауданы бойынша 49 мектеп бар. Онда 11 892 бала білім алады. Аймақтан ЭКСПО көрмесіне бұдан бөлек, шілде айында 30 оқушы барып қайтты. Олар Астанада көрген қызықтарын айтып, замандас қызығушылығын оятуда.

      Оқушылар бала арманын бас қаламыз – Астанамен байланыстырады. Басым бөлігі мектепті бітірген соң, осында оқуға түсуге ынталы. Оқуда үздік атанған шәкірттер бұдан кейін де ел үмітін ақтауға мүдделі.

ДИДАР Өмірзақова

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
17:42, 14 қыркүйек 2017
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 2017
14:51, 14 қараша 2017
Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 201...
Толығырақ...
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...