ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

«ЭКСПО-2017»: Оңтүстік өңірдің фотокөрмесі ұйымдастырылды

18:03, 24 шілде 2017

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фотокөрмесі ұйымдастырылды. Оңтүстіктегі туризмнің дамуын жаңа сатыға көтеретін іс-шараға облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы мұрындық болды.

Мұнда  25 фотосурет көпшілік назарына ұсынылды. Туындыларда тарихы шежіре Түркістандағы Яссауи кесенесі, Отырардағы Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, сондай-ақ, Отырартөбе мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, «Алаш» этноауылы шебер бейнеленген. Экспозицияда  күнгейдің тамаша пейзажы да суреттелген. Фотокөрмені ерекше ықыласпен «ЭКСПО» комиссарлары, көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары мен павильон директорлары,  дипломатиялық өкілдік басшылары,  халықаралық ірі компаниялардың иелері мен 100 елден келген қонақтар тамашалады.  Жергілікті басқарма идеясына Ontustik Tourism  және «Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм индустриясын дамыту орталығы» қолдау білдірген. Айта кетейік, Оңтүстік өңірі – көрмеде аймақтар ішінде алғаш болып, осындай іс-шара өткізіп отыр.  Бұл - халықаралық дәрежедегі алаңшада  ішкі және сыртқы бағыттағы туризмді дамытуға, шетелдік туристердің қызығушылығын тудыруға  жақсы мүмкіндік. «Мақсатымыз - Оңтүстік Қазақстанды бүкіл әлем қызығатын туристік өлке ретінде таныту. «ЭКСПО-2017» көрмесі барша әлеуетті дамытуда жетекші рөл атқармақ», - дейді ұйымдастырушылар.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
14:14, 17 қыркүйек 2019
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...