ШҰҒЫЛ! 7 адамды алдап, қолға түсті Толығырақ

"ЭКСПО" аясында ОҚО күндері басталды

15:20, 29 тамыз 2017

Байтағымыздың бас қаласы – Астанада ЭКСПО көрмесі аясында бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының күндері басталды. Ауқымды шара «Оңтүстік бизнес: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты бизнес-форумымен шымылдығын түрді.

      Оған 23 елдің елшілері мен  еліміздегі  жетекші министрлік басшылары,   Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев,  сондай-ақ,  отандық бизнес элита,  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.  Форум қатысушыларына  өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы  түстік облыстың  инвестициялық әлеуетін кеңінен таныстырып,  туристер үшін  тартымдылығы зор екенін айтты.  «Оңтүстік облыс   агросала,  шағын және орта бизнесте де көш бастайды.  Соңғы үш жылда жиналған  бақша өнімдерінің көлемі  1 млн. тоннадан асады.  Қазақстандағы жылыжайлардың 90 пайызы да  осы облыста орналасқан.  Ақ ұлпа мақтаның негізгі Отаны,  жүзім және бақша өнімдерінің 70 пайызы қамтылған мекен болып саналады», - деді  Жансейіт Түймебаев.  Қазір түстік облыс пен  40 шетелдік компания арасында  маңызды келісімдер бойынша  инвестициялық жобалар икемделуде.  Соның бірі  араб кәсіпкерлеріне тиесілі.  Қос тарап арнайы меморандум аясында  медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар шығаратын зауыт салуда.  Ал, ресейліктермен бірлесе,  «Евро-5» стандарты бойынша  жанар-жағармай өндіретін мұнай өңдеу зауыты бой тіктейді.  Бүгінгі бизнес форум да  қазақстандықтар үшін нәтижелі болмақ.  Оның шеңберінде 6 меморандумға қол қойылады.  Қытаймен, Жапония, Ресеймен бірлескен жобалар қолға алынады.  Ал, олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында іске аспақ.

ГҮЛНАР Шағдарова

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
17:42, 14 қыркүйек 2017
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 2017
14:51, 14 қараша 2017
Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 201...
Толығырақ...
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...