ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

«ЭКСПО» - балалар көзімен!

12:51, 19 шілде 2017

Енді, Сарыарқа сауырындағы «ЭКСПО» халықаралық көрмесін тамашалап қайтқан түстік ұландарын тыңдасақ... Жаһан назарындағы көрме қызығын Шымкенттегі №7 Қарсыбай Спатаев атындағы мектеп-лицейінде оқитын, аз қамтылған отбасы балалары мен оқуда озат шәкірттері көрді. Ғаламат сыйды оларға қалалық білім бөлімі жасап, 30 жолдама табыс еткен.

Бұл балалар жақында ғана болашақтың энергиясы «ЭКСПО» қалашығын көріп қайтты. Алған әсерлері шексіз. Германия, Финляндия, Тайланд, Анталия елдерінің павильондарында болып, олардың көрмеге қойған дүниелерімен, заманауи жаңалықтарымен танысты.

Әсел Мүсірәтәлі – Оқушы

Мен осы Астанаға бірінші рет баруым. Онда барған кезде мен көптеген қалашықтарды көрдім. Соның ішіндегі ең қызығы, шар тәріздес Қазақстанның павильоны. Ол негізінен, 7 қабаттан тұрады. Ал, 8-ші қабаты – «Болашақ энергиясы -2050 - Астана» деп аталады екен. Осы Елордаға баруға бізге мүмкіндік берген ел ағаларына үлкен рахметімді айтамын.

Нұрдана Әмен – Оқушы

ЭКСПОдан алған әсерім өте керемет. 00:00:32 Ең есімде қалғаны, шар тәріздес павильонды аралағанымыз. 8-ші қабатынан біз бастадық. Онда көне салт-дәстүрлеріміз белгіленген. Су, неден энергия алынады, ғарыштан, күн жүйесінен, судан, әртүрлі заттардан энергия алатынымызды көрдік. 00:01:43 ЭКСПОға барғанда көп мәліметтерден хабардар болдым. Өзіме көп мәлімет жинадым. Жіберген әкімшілікке рахметімді айтамын.

Жамал Адилова биылғы демалыста оқушыларын қатты сағына қойған жоқ. Өйткені, олар жанында болды. Ғасырда бір өтетін ауқымды шараны бірлесе тамашалады. Мектептегі әріптесімен  балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесін бақылады. Бұл топқа Астанадағы Назарбаев университетінің жатақхана басшылығы ерекше ілтипат көрсетті. Елорданың қонақжайлығына мін жоқ.

Жамал Адилова - №7 Қ.Сыпатаев атындағы  мектеп-лицейінің мұғалімі

Ертесіне «ЭКСПО» көрмесіне бардық. 10-дар шамасында. Балалар бара салысымен өздерін басқа әлемде жүргендей сезініп, суретке түсіп жүрді. Біз, алдымен, павильондардан бастадық. Бірінші, «Шэл» павильонына бардық. Ол жерде ағылшындар балаларға фокустарын көрсетті. Электрон жүзінде сұрақтар қойылды. Оларға да балалар нақты жауап беріп, өздері қызығып қайтты.

Шәкірттердің айтуынша, шетелдіктердің көрмеде ұсынар қызықтары көп болды. Әр елдің ұлттық салт-дәстүрі, музыка және ұлттық аспаптағы әуендері жадыдан әлі ұзақ уақыт бойы кетпесі анық.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

 

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...