ШҰҒЫЛ! БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ Толығырақ

«ЭКСПО» белгісі Қазығұрт асуына таңбаланды

15:44, 19 мамыр 2017

«ЭКСПО» – ел үшін елеулі оқиға. Көпестердің көрнекі шарасы ретінде басталған жиын бүгінде өнертапқыштар көрмесіне айналған. 22 күннен кейін әлем білгірлері Астанаға келеді. Болашақтың баламалы энергия көздерін саралайды. Инновациялық жобалар бойынша өзара тәжірибе алмасады. Әлемдік қоғамдастықтың алдында Қазақстанның туристік тартымдылығы және танымалдылығы артады. Ауқымды шараға бүгінде дайындық қызған.

Осы орайда қазығұрттықтар да  өздігінше қармануда.  Ғалам ғажаптары паш етілетін көрменің төл белгісін ауданның құрылыс және сәулет бөлімі  Қазығұрт асуына бейнеледі.  ЭКСПО логотипіндегі жаңартылған энергиялар таңбасы   75 метр биіктіктен  менмұндалап тұр.  Көк түспен – теңіз толқындары,  сары түспен – күн энергиясы, жасылмен жел мен жер айшықталған.  Белгідегі әр қанаттың көлемі  10 метр шамасында. «ЭКСПО» деген жазуы  болса, 3 жарым метрге дейін таспен қаланған. Төлтаңба Қазақстанның жаңа технология саласындағы табысын,  көрме қарсаңындағы дайындығын,  қазақы қонақжайлығын паш етеді.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
17:42, 14 қыркүйек 2017
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
15:58, 12 маусым 2018
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
Толығырақ...
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
17:03, 14 маусым 2018
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
Толығырақ...