ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды

17:42, 14 қыркүйек 2017

Ғаламдық ғылымның ғажап жетістіктері паш етілген ЭКСПО көрмесінің жоғары дәрежеде өтуіне әр өңірдің сіңірген рөлі орасан. Бұл шарада елдігіміз, бірлігіміз, білімдегі білігіміз мен қонақжайлығымыз сыналды. Ал, осы тұрғысынан алғанда, еріктілердің еңбегі зор. Түстіктен бұл сапта 150 ұл-қызы шетел қонақтарына тік тұрып, қызмет етті. Сол топта Қазақстан инженерлі – педогогикалық Халықтар достығы университетінің 17 студенті де бар. Белсенді жастарды бүгін білім ордасының басшысы арнайы марапаттады.

       Өңірімізден шыққан белсенді жастар Астанаға қаржы табу үшін емес, халықтың абыройы үшін арнайы барды. Олар жай ғана жастар қатарын көбейтпей, шетелдіктерге аудармашы қызметін көрсетті. 40 күн бойы аймағымыздың айбынын асқақтатты.

        Ерікті жастың бірі - Бабурбек Хамракулов. Университетте шет тілі мамандығы бойынша тәлім алады. Озат студент: «Елордадағы күндер білімімді шыңдады. Тәжірибе жинақтауыма септігін тигізді», - дейді. Бабурбектің теориялық білімі өзі қызмет еткен туристердің де көңілінен шыққан. Шетелдіктер қазақ жастарының жан-жақтылығына тәнті болыпты.  

        Басқосуда мақтау-марапаттан бөлек, Елбасы мақаласы төңірегінде орамды ойлар айтылды. Рухани жаңғыруға жетелейтін - өскелең ұрпақ. Жұдырықтай жұмылған жалынды жастарға бағынбайтын белес, алынбайтын қамал жоқ. Бұл топ білім бәсекесіне төтеп беріп, Елбасы шегелеп айтқан үш тілді меңгеру әлеуетін көтеруге мүдделі.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
18:48, 12 қараша 2019
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
Толығырақ...