ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ЭКСПО-ға белсенді қатысуда

12:46, 25 шілде 2017

Қазақстан әлеуетін, Елорда сәулетін паш ететін «ЭКСПО» көрмесінің қызығы Түлкібаста да айрықша. Ауданда халықаралық шараны насихаттайтын 36 билборд ілінді. 80 жарнамалық тақтайша орнатылып, қоғамдық көліктерге арнайы эмблемалар жапсырылған.

Әлем елдерінің мәдениеті бүгінде  Елорда төрінде тоғысқан. «Болашақтың  энергиясы» қандай болмақ?!  Осы сұрақ көкейін кернеген  1760 тұрғын  көрме қызығын тамашалап қайтты.  Аудандағы жауапты мамандардың айтуынша,  бүгінге дейін мұнда 3357 билет сатылған.  Кәсіпкерлердің де белсенділігі жоғары. Өз өнімдерін Елорда халқы мен қонақтарына ұсынбақшы.

Елордадағы дүбірлі шара еліміздің елдігін айқындап, азаттығымызды әлемге танытады. Сондықтан, Арқа төсіндегі аламан жиынға Түлкібас ауданының тағы төрт мыңға жуық тұрғыны қатыспақ.

Алғашқы лекте аз қамтамасыз етілген отбасы перзенттері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері сапар шегеді. Белсенді топқа ЭКСПО туралы 3000-ға жуық жарнама буклеті, 140 жарнамалық кітапша таратылған.  Сәл кейін  зейнеткерлер,  батыр аналар мен қазыналы қарттар әлем павильондарын тамашалауға мүдделі.

АРАЙЛЫМ Байзахова                                                

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
18:48, 12 қараша 2019
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
Толығырақ...