ШҰҒЫЛ! БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ Толығырақ

ЭКСПО қонақтарына өзі жасаған киіз үйді көрсетуге асық!

12:31, 25 шілде 2017

Қазақтың киелі киіз үйі ғасырлар бойы өзімен бірге жасап келе жатқан таңғажайып туынды. Мақтарал ауданы Бескетік елдімекенінің тұрғыны Көпжан Торпиев бес жылдан бері қазақтың қара шаңырағы - киіз үй дайындаумен айналысады. Кәсіпкер халықаралық ЭКСПО көрмесінің өтуіне орай жұмыс қарқынын арттырған. Туристерді Мырзашөлге шақырады!

Қазақтың қасиетті киіз үйін әлемге паш ету мақтаралдық кәсіпкер Көпжан Торпиевтің көп жылдан бергі арманы болатын. Іскер азамат ауыл ісмерлерінің тобын құрып, қайталанбас өрнегі бар киіз үй жасайды. Киелі шаңырақтың ұлттық нақыштағы сапасына қарай Қазақстанның түкпір-түкпірінен тапсырыстар түсе бастаған. Көбекең бұл кәсібінен көл-көсір пайда таппаса да, бәрінен бұрын жұртшылықтың киіз үйге деген қызығушылығының арта түскеніне  қуанып отыр.

Көпжан Торпиев биыл өз ісіне тың ізденіспен кірісті. Киіз үйдің заманауи безендендірілуіне ден қойды. Сәулеттік сәні келіскен ақ күмбезді ғимарат түрлі оюлармен көмкерілді. Ауыл ісмерлері киіз үйдің байырғы нұсқасын сақтай отырып, сәні мен сапасына ерекше көңіл аударды.

Қазақтың киіз үйі - ерекше геометриялық есеппен, асқан тапқырлықпен жасалынған туынды. Бұл «мен» деген шетелдік    сәулетшілердің талайын таң қалдырды. ЭКСПО көрмесіне келген  туристер де Мақтаралдағы Бескетік ауылына ат басын бұрып жатса, көңілден шығатын дүниелер жетерлік – дейді ұлттық өнердің шын жанашыры.

СЕНБЕК Құттыбайұлы 

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
17:42, 14 қыркүйек 2017
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
15:58, 12 маусым 2018
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
Толығырақ...
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
17:03, 14 маусым 2018
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:28, 11 маусым 2018
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...