ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

"ЭКСПО" көрмесін тамашалаған оқушы қуаныштан алған әсерін айта алмай қалды

16:04, 21 тамыз 2017

Арқа төсіндегі ару қалада болып жатқан айтулы шараны мақтаралдық 150 оқушы тамашалап қайтты. Шәкірттер Астанада бірнеше күн болып, көз тартар келбетіне куә болды. Елордамен қимай қоштасқан олар замандастарына көрген қызықтарын айтып, таусыта алар емес.

      Мақтарал ауданы бойынша білім бөліміне қарасты 159 мекеме бар. Олардың 122-сі мектеп, 33-і балабақша. Халықаралық шараға орта мектептердің озат оқушылары барды. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар да осы топты толтырды. Мұндағы мақсат – жас буынның жан-жақты білімін жетілдіріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу, - дейді ұйымдастырушылар.

      Ел ертеңі балалар 20 шақты павильонды аралап шықты. Оның ішінде «Нұрлы әлем» павильонына деген қызығушылықтары айрықша. Туған жер жетістігін көргендер Қазақстан үшін мақтанады.

      Тамыз айының 28-інен бастап, Астанада ОҚО-ның күндері өтеді. Осының қарсаңында ауданнан елордаға тағы 100-ге жуық азамат аттанбақ. Олардың дені - ардагерлер. Бұл күні кәсіпкер қолдауымен 50 қарияға тегін жолдама берілді.

АҚЕРКЕ Бақтыбаева

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
14:14, 17 қыркүйек 2019
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...