ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

"ЭКСПО" көрмесінде оңтүстіктен шыққан жұлдыздар өнер көрсетеді

18:17, 28 тамыз 2017

Ертең, Елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері басталады. Әлем назары ауған ауқымды шараның көркін қыздыруда оңтүстік өнерпаздары жаңаша леппен өнер көрсетпек. Қазіргі заманға лайықты туындыларымен ерекшеленбек.

       Мәдени шара барысында «Қазыналы Оңтүстік» қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі, концерттік бағдарламалар, оңтүстікте түсірілген анимациялық фильмдер мен көркемфильмдер жұрт назарына ұсынылады. Облыстан 662 адамнан тұратын 17 шығармашылық ұжым байтағымыздың бас қаласына жол тартты. Оның ішінде 22 қолөнер шебері де бар. Жалпы, түстіктен 3000-нан астам делегат қазақылықтың қаймағы ұйыған өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы бойынша ақпар береді.  Сондай-ақ, Жұмат Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма және орыс драма театрлары мен қуыршақ, әзіл-сықақ және сатира театрлары өз репертуарларын паш етеді. «Оңтүстік-Цирктің» қойылымдары да Астана жұртшылығы мен көрме қонақтарының көзқуанышына айналмақ. Бұдан бөлек, «ЭКСПО» қалашығының амфитеатрында «Нұрын шашқан - Оңтүстік» атты облыстың өнер майталмандарының гала-концерті ұйымдастырылады деп күтілуде.

АЙЖАН ӘШІРХАН – «ҚАЗАҚСТАН-ШЫМКЕНТ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ

  • Облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен, бүгін бізге осы бас қаланың төрінде өтіп жатқан халықаралық көрмені тамашалау бағы бұйырып тұр. Әрине, өте қуаныштымыз. Себебі, «Экспоны» көру – әрбір қазақстандықтың, жалпы, осы әлемде өмір сүретін әрбір адамның арманы деп ойлаймын. Мұндай тарихи сәтті көру менің де арманым болатын. Осы арманымның орындалып жатқанына қуаныштымын. Оның үстіне, барша оңтүстік жұртына сол жақтағы өзіміздің алып жатқан әсерімізді бөлісу де біз үшін үлкен жауапкершілік, үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
18:48, 12 қараша 2019
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
Толығырақ...