ШҰҒЫЛ! ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ АШЫЛДЫ Толығырақ

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды

14:01, 26 қыркүйек 2017

Кәсіпкерлер ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде қойылған 105 озық технологияны өндіріске енгізуге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы обыс әкімі Жансейіт Түймебаев халықаралық шарада ұсынылған жаңа технологияларды өңірде қолдану мәселелері бойынша өткен жиында мәлім етті. Өңір басшысының айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорындарда озық технологиялар қарастырылған 27 жобаны енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, «Шымкентмай» АҚ-ы каталитикалық деаэроциондық қондырғыны өндіріс процессінде пайдаланбақ.

       Чехия, Ресей елдерінің қалдықтарды өңдеу бойынша  компанияларының жобаларын «Технология-21» және «Таза қала» мекемелері  өндіріс жұмыстарына енгізбек. Сонымен қатар, «Жиналған суды тазартуға арналған мобильді комплекс» және «Күн батареяларын басқару жүйесі» жобаларын «Су ресурстар-Маркетинг» серіктестігі  қолдананысқа енгізетін болады. Малайзия мемлекетінің көше жарықтандыруға жарық диодты лампыларын «Ақсемсерстройсервис» кәсіпорыны Шымкентте  пайдалануды қарастыруда. Бұдан бөлек, ЭКСПО халықаралық көрме тақырыбы бойынша өңірде өнеркәсіп, экология, ауыл шаруашылығы саласында да жаңа технологияларды енгізу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

       Бүгінде Елбасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жасалуда. Өңірде 5 жаңартылған энергия көздері нысандары жұмыс істеп тұр.  Олар жалпы қуаты 5,8 МВт болатын 3 шағын су электр станциялары болса, осы жылы тағы 2 шағын су электр станциялары іске қосылмақ.

       Жүргізілген зерттеулер негізінде, алдағы жылдары облыстағы 122 өзендерде жалпы қуаты 420 МВт-ты құрайтын шағын су электр станцияларын салу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде Өгем өзенінде жалпы қуаты 57 МВт болатын каскадты шағын су электр станцияларын салу жөнінде Түркияның «DOGUS» Constraction компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Елордамыз Астанада өткен «ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрме сәтті өтті. Аймақ басшысы, әлем назарында болған тарихи шараны 151 мыңнан астам оңтүстікқазақстандық барып тамашалағанын атап өтті.

ГҮЛСАНАТ  Қалмырзақызы

Тақырып бойынша материалдар

ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
17:42, 14 қыркүйек 2017
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар