ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ЭКСПО МҰРАСЫ

22:08, 8 қараша 2018

ЭКСПО көрмесінің аяқталғанына бір жылдан астам уақыт өтті. Шара аяқталысымен, арнайы комиссия құрылып, баламалы энергия бағытында 133 жоба іріктеліп алынды. Алайда, бүгінде сол зерттеулердің көбі қолдаусыз қалып жатыр. Абыройлы өткен шараның мұрасы ретінде қалған жобалар ел игілігі үшін қашан қолданысқа беріледі? Әріптесім Фариза Мұсақызы ЭКСПО-дан кейінгі 1 жылда атқарылған шаралар туралы айтады.

Алтай Әлімғазин өмірінің 18 жылын жасыл технологияларды зерттеуге және оның адамзатқа пайдасын қалыптастыруға арнаған. Ол - Астанадағы  «Энергия  үнемдеу және энергетикалық тиімді технологиялар» ғылыми-зерттеу институтының директоры. Былтырғы ЭКСПО халықаралық көрмесі ғалым үшін таптырмас мүмкіндіктер алаңы болды. Өйткені, энергия үнемдеу, оның баламалы көздерін табу жөнінде жүргізген біраз жылғы еңбегі ескеріліп, профессордың ұсынған жобасы ЭКСПО-ға қойылды. Бүгінде Алтай Әлімғазинның сол жобалары Павлодар облысында іске асып жатыр. Бірақ, қағазбастылық, инвестицияның жетіспеушілігі атқарылып жатқан жұмыстарды біраз тежеп отыр. 

 АЛТАЙ ӘЛІМҒАЗИН, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ  ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ

 Мына жұмыстарды 18 жылдан бері жасап жатырмын. Негізі мемлекеттік программаны бюджетте жылыту технологияларына инвестиция жасайтын финансирование жоқ. Ондай болмаса, өзіңіз білесіз, үкіметтен ақша алу өте қиын. Бірақ негізінде ЭКСПО-дан кейін халықтың жасыл технологиялар жөнінде көзі ашылды. Біз региондарда жүреміз. Жоғарыдан қағаз келсе істейді. Болмаса көмір мен соляркаға үйреніп қалған. 

Сол көмір мен соляркаға үйреніп қалған еліміз «Жасыл энергия» тақырыбында ауқымды шара ұйымдастырды. Абыройлы өткізді. Нәтижесінде 133 жоба іріктеліп алынды. Оның  105-і шетелдік, 28-і отандық технологиялар негізінде құрылған. Кейін жобалар әр салаға бөлініп берілді. Мәселен, мұнай және газ саласына – 27, көмір өнеркәсібіне – 7, электр энергетикасына – 63, ал экология бағытына  - 36.Алайда, республика бойынша 1 жыл ішінде 133 жобаның 20-сы ғана жүзеге асырылған.

АЛМА ЖҮКЕНОВА-ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ЖАҢАРТЫЛҒАН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Бір технологиялар болады, күн энергиясын пайдаланатын смарт орындықтар. Ол тез іске асмырылған жобалар. Петропавл, Павлодар қаласында. Олар тез орналастырылды. Бірақ, басқа технологиялар бар, газ станцияларының қондырғылары.. Детондеры, рекдуктор. Олар күрделі қондырғы болғаннан кейін біраз уақытты қажет етеді.

Демек, мәселенің бәрі уақытта. Министрлік өкілінің сөзінше, ЭКСПО жобаларының жаппай жүзеге аспауы ғалымдар еңбегінің ауқымына байланысты. Олардың жұмысы 2020 жылға дейін  толығымен аяқталмақ. Алайда, бұл бағытта ешқандай шара қолға алынбай жатыр деп те айту қиын. Өйткені, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Ұзақ жанатын қазандықтар»  жобасы, "Смарт сити", жаңа жел электр станциялары жасыл энергия, жасыл экономиканың болашағына деген  сенімді арттырады.

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
17:42, 14 қыркүйек 2017
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...