ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

"ЭКСПО" шарасына Отырар ауданынан 150 оқушы жолға шықты

18:50, 24 тамыз 2017

Күллі әлем көз тіккен ЭКСПО-ның күн өткен сайын мән-маңызы артып келеді. Дүбірі күшейген шараға отырарлық 150 оқушы да жол тартты.

      Ғасырлық жобалар жәрмеңкесінде әлемнің үздік мемлекеттері өз жетістіктері мен озық технологияларын ұсынуда. Бұл – ел ертеңі жастар үшін ұшан-теңіз білім кені. Осыны екшеген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қайталанбас, таңғажайып көрмені түстіктің кемінде 4000 балғыны тамашалауы керек деп, тапсырма берген болатын. Отырарлық оқушылар осы меже жолымен бас қалаға сапар шекті. Оларды аудан әкімі Ерлан Айтаханов бастап, салтанатты түрде шығарып салды. Оқушылар сапардан оралған сәтте аудан басшысының ұсынысымен арнайы шығарма жазады. Онысын бәйгеге қосады. Жеңімпаздарды Отырар билігінің жүлделі сыйлығы күтіп тұр. Ал, арман қуып, Астана кеткен оқушыларға бұл күні жергілікті өнерпаздар көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ән мен күйден шашу шашып, шараға мерекелік леп берді.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
18:48, 12 қараша 2019
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
Толығырақ...