ШҰҒЫЛ! ӨЗ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙІҢІЗДІ ТАНИСЫЗ БА? Толығырақ

Этноауылды аралаған қонақтар таңданыстарын жасыра алмады

12:40, 31 тамыз 2017

«Жер кіндігі - Қазығұрт». Оңтүстік Қазақстан облысының ЭКСПО-дағы күндері аясында осы тақырыппен көпсалалы көрме болып өтті. Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласын насихаттауға бағытталған шарада өңір мәдениетін паш ететін 500-ге тарта құнды жәдігер қойылды. Астана тұрғындары мен қонақтары түстік шежіресінен не түйді? Тілші бейнематериалында.

      Облыстық тарихи өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткен игі шарада ХVIII-XIX ғасырдың көзі болған теберік ескерткіштер назарға ұсынылды. Олардың ішіндегі ең құндысы - Кенесары Қасымұлының қылышы. Оны 1931 жылы Кенесарының немересі Әзімхан Кенесарин музейге алып келген.

      Бұдан бөлек, көпсалалы ғылыми көркемөнер көрмесінде тарихи шежіреден сыр шертетін белгілі қылқалам иелерінің шығармалары, қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар мен тарихи фотосуреттер де көрініс тапты. Онда, әсіресе, Отырар қаласынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қыш құмыралар, күміс теңгелер, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен басқа да қасиетті мекендер макеті қонақтардың қызығушылығын тудырды.  

      Осылайша, еліміздің түкпір-түкпірінен келген отандастар «Астана-ЭКСПО» көрмесіндегі Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында көп дерекке қанығып, этноауылдағы шарадан жақын-жуығына кәдесый алды. Қазақ өркениетінің өңі кетпеген өңірдің қолөнершілеріне тәнті болып,  тарқасты.
АЙЖАН Әшірхан

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...
ЖӘНІБЕКТІҢ  ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ  ЭФИРДЕН  КӨРСЕТІЛМЕК
16:15, 7 қараша 2019
ЖӘНІБЕКТІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН КӨРСЕТІЛМЕК
Толығырақ...