ШҰҒЫЛ! БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ Толығырақ

Ғалам ғажабын көруге жол тартты

18:04, 1 тамыз 2017

Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық. «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне Сарыағаштан бір топ зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі жандар аттанды. Әлем назарын тіккен ауқымды шараны көріп тамашалаушылар қатарында зиялы қауым өкілдері де бар.

Тәуелсіз мемлекетіміздің жеткен жетістіктерін паш ететін халықаралық көрмеге жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандық атсалысуға мүдделі. Ұлы дала елінің қарыштап дамуына ықпал ететін бұл шара қазір тың идеялар ордасына айналған. Өркениет жетістігіне көз жеткізуші топтың бар шығыны қазына қаражаты есебінен қарастырылды.

Ақылдың кені қариялар бастаған топтың құрамында 32 жан бар. Жалпы халықаралық маңызды шараны көріп, тамашалау бақыты ауданның 40 тұрғынына бұйырды.

Елге еткен ерен еңбектің өтеуі болар.  ЭКСПО-ға баруға мүмкіндік алған зиялы қауымның жергілікті билікке ықыласы жоғары. Арқа төсі Астанадағы 115 мемлекеттің павильонымен танысу - олар үшін үлкен мәртебе.

Ұлы дала елінің бас қаласында өтіп жатқан шара үлкен маңызға ие. Тәуелсіз ел тарихындағы басты оқиғадан жұрттың ойға түйіп, санаға тоқитыны мол болмақ.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы                                                                    

 

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
17:42, 14 қыркүйек 2017
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
15:58, 12 маусым 2018
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
Толығырақ...
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
17:03, 14 маусым 2018
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:28, 11 маусым 2018
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...