ШҰҒЫЛ! БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ Толығырақ

Қазығұрттық қарттар Астанаға жол тартты

16:13, 18 тамыз 2017

Қазығұрт билігі қазыналы қарттарынан құрметті аяған емес. Аудан ақсақалдары бұл жолы Арқа төсіндегі ару Астанаға аттанды. Бас қалада олар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашаламақ. Мемлекет үшін аса маңызды шараны көріп, жаһандық жаңалықтың таңғажайыптарын жерлестеріне жеткізуге асық.

      Халықаралық көрмені тамашалауға аудандағы 13 көргені, көкейге түйгені көп қария аттанды. Олар – жастықта бейнет етіп, қарттықта зейнетке кенелгендер. Отты жылдардың оғынан аман қалып, еңбегімен елге сыйлы болғандар. Бүгінгі құрмет сол қиындықты ұмыттырып жіберді.

      Ауданда 91 жалғызілікті, 100 мүмкіндігі шектеулі қарт тіркелген. Олардың әрқайсысы әлеуметтік күтімге алынған. Зейнетақысына қосымша жәрдемақы төленеді. Тіпті, мерзімді басылымдарға тегін жазылады.

       Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Аталарымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары – ұрпаққа ұлағат.

ДИДАР Өмірзақова

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
17:42, 14 қыркүйек 2017
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
15:58, 12 маусым 2018
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
Толығырақ...
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
17:03, 14 маусым 2018
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:28, 11 маусым 2018
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...