ШҰҒЫЛ! ӘКІМ УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ,ТҰРАНҒА АТ БАСЫН БҰРДЫ Толығырақ

Көрме қарт көңілді сергітті

10:07, 29 шілде 2017

«Астана - ЭКСПО» - ел тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі. Тарихи сәтті тамашалауға аудан әкімінің қолдауымен созақтық 45 қария да барып қайтты. Халықаралық көрме қызығына куә болған қарттар... көргені, көңілге түйгенін ауыл тұрғындарына баяндап, өскелең ұрпаққа өсиет етуде.

Астанаға жол тартқандар - аудан дамуына сүбелі үлес қосып, тынбай тер төккендер. Қазір де еңбектен қол үзбей, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысады. Сапар барысында  ардагерлер халықаралық көрмені тамашалап, бас қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасады.

Ардагерлер ары қарай Көкшетау қаласында болып, Бурабайдың көз тартар табиғатында тынықты. Сапар барысында олардың жағдайын бақылап, денсаулығына жауапты мамандар да ілесе жүрді. Қариялар осылайша бейбіт күннің арқасында өлшеусіз еткен бейнеттің зейнетін көруде.  
Айта кетейік, халықаралық көрмені тамашалау бақыты созақтық 40 оқушыға да бұйырған болатын. Әлем назары Астанаға ауған тұста аудан азаматтары да ауқымды шараның куәсі болғанына дән риза.

ДИДАР Өмірзақова                                                          

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...