ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Мақтаралдық қариялар «ЭКСПО» көрмесін тамашалауға аттанды

15:42, 7 қыркүйек 2017

Мақтаралдық бір топ қария Елордамыз Астанаға аттанды. Олар халықаралық ЭКСПО көрмесін тамашалап, байтағымыздың жетістігін бағамдап қайтады. Ақсақалдарды алыс сапарға аудан әкімі Ғалым Исмайлов сәт сапар тілеп, шығарып салды.

       Асыға күткен сапарларына қариялар шұғылалы күн ұясынан көтерілмей жатып, дайындалды. Бұл жолғы экскурсияға ауданның 40 ардагері бармақ. Олар – ел үшін еселі еңбек еткендер. Өскелең ұрпаққа өсиетін айтып, оң жолға салуға ат салысқандар. Қартайған шақта әлем назарын аударған әдемілікті көру бақыты бұйырғанына  дән риза.  

        Бүгінгі күн - ертеңгі тарих. Сондықтан, өтіп жатқан әрбір минутты бағалап,  тарихымызды тереңінен тануға ұмтылғанымыз жөн. Ауданның... бір ауыз сөзіне бүтін ел тоқтаған қарттары... көрген-білгендерін жас ұрпаққа ұлағат етпекші. Өйткені, әр кезеңнің тарихын... сол дәуірдің перзенттері жасайды.

АЙЖАН Әшірхан

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...