ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

Мемлекет басшысы: Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі жоғары деңгейде әрі табысты өтті (ВИДЕО)

21:50, 10 қыркүйек 2017

Елбасы Н.Назарбаев «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде осылай деді.

        «Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің жоғары деңгейде әрі табысты өткенін зор мақтанышпен айтқым келеді. Бұл - Тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатқан айрықша жетістіктердің бірі болды.

       Елорда 3 ай бойы 115 ел мен 22 халықаралық ұйымның басын қосқан «ЭКСПО» шағын қалашығына айналды. Бұл көрме Қазақстанның әлемге танымалдылығы мен туристер үшін танымдығын арттырды. Елімізге келген мәртебелі меймандарға халқымыздың қонақжайлығын көрсете алдық. Біз болашақтың энергиясына қатысты бүкіл әлемнің тәжірибесін өз жерімізде тоғыстырдық.

         «ЭКСПО-2017» көрмесін 4 миллионға жуық адам аралап көрді. Олардың 2/3 бөлігі жастар мен оқушылар еді. Баршаның назарын аударған әсем қалашыққа күн сайын 40-50 мыңдаған адам келіп тұрды. Көрмені 180 мемлекеттен жарты миллион адам тамашалады. Яғни, әрбір алтыншы қонақ шетелдік екенін атап өткім келеді. «ЭКСПО»-ның ең танымал орталығы Қазақстанның павильоны «Нұр Әлем» болды. Көрме басталғаннан бері бұл павильонға 1 миллион 300 мың адам кіріп шықты. Дүниежүзі көз тіккен «ЭКСПО» беделімізді биіктетіп, рухымызды көтерді», - деді Мемлекет басшысы.

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
14:14, 17 қыркүйек 2019
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...