ШҰҒЫЛ! ӨЗ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙІҢІЗДІ ТАНИСЫЗ БА? Толығырақ

ОҚО өнерпаздары «ЭКСПО» қонақтарына күтпеген сый жасады

12:40, 31 тамыз 2017

Сондай-ақ, түстік өнерпаздары бұл күні Елорда халқы мен қонақтарының құрметіне «Оңтүстіктен ән шашу!» атты гала концертін ұсынды. Мерекелік шара Конституция күніне тамаша тарту болды. Қазақконцерт залында өңіріміздің мәдениет саласының 1000-нан астам көрнекі өкілі өнер көрсетті. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған түстіктің өзіндік келбеті мен ерекшелігін, мәдени, рухани байлығын паш етті.

       Бас қалаға тамаша тарту болған шарада 600 домбырашы бір мезетте күй орындап, қонақтардың құлақ құрышын қандырды. Оңтүстік өнерпаздарының концертіне ҚР Премьер министрінің орынбасары Ерболат Досаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, «Самұрық Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен басқа да ел тізгінін ұстаған басшылар қатысты. Олар тамаша шараның куәсі болғанына қуанышты екендерін жеткізіп, алған әсерімен бөлісті. 

       Жиындағы орындалған әндер мен ерекше шоулар, тарихи қойылымдар, «Қазына» би ансамблінің әдемі билері қонақтарды бір серпілтті. Патша көңіл көрермен пайымынша, бұл концерт рухты көтеріп, жігерді оятқан, Оңтүстік деген атқа лайықты ұйымдастырылған шара болды.

       Кеш соңында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ардақты ана, аяулы қыз-келіншектерге ерекше ілтипат көрсетті. Түстік облыстың ЭКСПО қонақтарына арнаған тамаша тосынсыйы қыркүйектің 3-іне дейін жалғасады.
АЙЖАН Әшірхан

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...
ЖӘНІБЕКТІҢ  ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ  ЭФИРДЕН  КӨРСЕТІЛМЕК
16:15, 7 қараша 2019
ЖӘНІБЕКТІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН КӨРСЕТІЛМЕК
Толығырақ...