ШҰҒЫЛ! 7 адамды алдап, қолға түсті Толығырақ

Өңір басшысы «экспо-2017» көрмесін аралады

21:11, 21 тамыз 2017

Халықаралық маңызды көрмені Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірлік делегациямен бірге аралады. Түстіктен барған топ алдымен, «Нұр Әлем» павильонына бас сұқты. Сфера ішінде орналасқан ұлттық павильон мен 2050 жылғы, яғни, кемел келешектегі Қазақстанның астанасы - «Болашақ Астана» композициясын, қазақстандық ғалымдардың ең озық жобаларын тамашалады. Бұл – диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метрді құрайтын шар түрінде салынған әлемдегі ғажайып ғимарат.

        Бұдан бөлек, павильонның әр қабатында ұсынылған жел, күн, биомасса, су және ғарыш энергиясының үлгілерімен жан-жақты танысып, өңірде жүзеге асыруға болатын тиімді жобалар жайын талқылады. Сондай-ақ, олар шетелдіктер ұсынған заманауи технологияның жаңа жетістіктерін тамашалап, қуат күшін алатын тың жоба - жеке аймағын аралап көрді. Халықаралық маңызды шараны бағамдаған басшы, «жоғары деңгейде ұйымдастырылған көрмеге отандық және шетелдік қонақтардың көптеп келіп жатқанына қуанышты екенін жеткізді.  Әлемдік ғылымның соңғы жаңалықтары ұсынылған көрмені көзбен көруге барлық қазақстандықтарды шақырды. "Бұл ұлттық рухымызды көтеріп, келешек ұрпақтың ғылым мен білімге құштар болып өсуіне үлкен серпін берері сөзсіз»,- деді әкім. Сонымен қатар, жұмысшы топ «ЭКСПО - 2017» көрмесі аясында өтетін Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері шарасының  барысын пысықтады. Айта кетейік, күнгейдің дәулеті мен сәулетін паш ететін бұл салтанат тамыздың 29-ына басталып, қыркүйектің 3-іне дейін жалғасады.  Онда елордалықтар мен қонақтар назарына  42 түрлі мәдени және әлеуметтік іс-шара ұсынылады. Қазақстандағы 30 мемлекет елшілерінің қатысуымен арнайы бизнес-форум өтеді. Онда облыстың инвестициялық әлеуеті таныстырылады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.  Облысымыздың тауар өндірушілері өз өнімдерін арнайы көрмеде паш етеді.

АЙЖАН Әшірхан

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
17:42, 14 қыркүйек 2017
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 2017
14:51, 14 қараша 2017
Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 201...
Толығырақ...
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...