ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

Ордабасылық оқушылар "ЭКСПО" көрмесіне жол тартты

16:04, 22 тамыз 2017

«EXPO-2017» халықаралық көрмесін еліміздің әр азаматы өз көзімен көріп, тамашалағысы келеді. Маңызды шара ордабасылық оқушыларды да қатты қызықтыруда. Аудан әкімдігі көпбалалы отбасынан шыққан 150 балаға болашақ энергиясымен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасап отыр.

      Бұған жергілікті бюджеттен 6 млн. 200 мың теңге қаржы бөлінген. Жас өрендер  табиғи-қазба байлыққа бай Қазақстанның  мүмкіндігі мол бола тұра.......,  ГЕО-Астана келешек ұрпақ үшін баламалы энергия көздерін қарастыруы өміршең мәселе екенін айтады.  Олар  әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ұсынатын ғылымның соңғы жаңалықтарын білуге құмар.

      Халықаралық көрмеге жолдама алған Салтанат  Пірәннің қуанышында шек жоқ. Амангелді ауылындағы Ғани Мұратбаев мектебінің оқушысы Экспоға баруды 1 жылдан бері  армандап жүрген. Енді оның  болашақта қандай жаңа технологиялар қолданысқа енеді? Соны өз көзімен көруіне мүмкіндік бар.

      «Болашақ энергиясы» жобасы  энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға  белсенді қатысу қажеттілігін көрсетеді.  Бұл тұрғыда бас қалаға бет алған жастар инновациялық технологиялармен жақынырақ таныса отырып,  келешекке бағдар жасамақ.

САТТАР Есімбеков

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
14:14, 17 қыркүйек 2019
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...