ШҰҒЫЛ! 7 адамды алдап, қолға түсті Толығырақ

Шардалалық қариялар "ЭКСПО" көрмесін көзбен көріп, бағасын беруге аттанды

15:43, 15 тамыз 2017

Мемлекет тарихындағы маңызды оқиға «ЭКСПО-2017» көрмесін шардаралық қариялар да тамашалайтын болды. «Қартым – қазынам», - деп білетін аудан билігі 30 азаматқа тегін жолдама берді. Астанаға аттанған ақсақалдарға аудан басшысы Болатбек Қыстауов құрмет көрсетті.

      «ЭКСПО-2017» көрмесін қазірдің өзінде 2 млн.нан астам адам тамашалап үлгерді. Елеулі шараның 3000 билетін шардаралықтар сатып алған. Астанаға барып, ғалам ғажабын 2000-ы көріп келді. Келбеті көз тартар бас қаланың сәулетіне таңдай қағып қайтқандар аудан тұрғындарының да аңсарын аударып отыр.

      Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра. Ұлағатты өмір сүріп, бейнетті еңбек еткендер ертеңгі ұрпақпен бөлісетін дерегіміз молайды, - деп қуануда. Перзент бойына ұлттық сананы сіңіруге ынталы. Аймақ қариялары орайлы сәтте мол мүмкіндігін аямаған аудан басшылығына шексіз алғысын арнады.  

      Шардара шаруалары да бұл шараға қам-қарекетін пысықтап отыр. Олар өздері өндірген өнімдерін ұсынбақшы. Әзірге бас қалаға  160 тонна бақша дақылдары жеткізілді. Балық өнімдері де үздіксіз жөнелтіліп отыр. Сындарлы шақта мемлекетке осылай медет болып, жаһандық шараны ойдағыдай өткізуге ынталы.

ДИДАР Өмірзақова

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
17:42, 14 қыркүйек 2017
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 2017
14:51, 14 қараша 2017
Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 201...
Толығырақ...
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...