ШҰҒЫЛ! 7 адамды алдап, қолға түсті Толығырақ

Шардаралық оқушылар ЭКСПО көрмесіне жол тартты

20:47, 28 тамыз 2017

Жаңа оқу жылына - жаңа қарқынмен. Осылай деген Шардара оқушылары байтағымыздың бас қаласына сапар шекті. Ауданның 150 жасөспірімі ғалам ғажабы - «Астана ЭКСПО» көрмесін көрмекші. Оларды аудан билігі орталық балалар саябағында салтанатты түрде шығарып салды.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында жастарымыздың сапалы білім алуымен қатар, туған жерді сүюге тәрбиелейтін жобалардың көп болуын  назарға алуды айтқан болатын. Бұл сапарда  балалардың туған жер табиғатымен,  еңселі Елордамыздың ең жақсы жерлерімен етене танысып, бойларына мақтаныш сезімі орнайтынына сенім мол.

Оқушылардың ЭКСПО-ға сапары аудандық бюджеттен қаржыландырылады.  Жалпыға міндетті білім қорынан бұл мақсатта 4 млн. 836 мың теңге бөлінген.  Саяхатты ұйымдастырушы - «Жаңа талап» туристтік агенттігі. Оқушылар негізгі көрмеден бөлек, «Бәйтерек», «ҚР Ұлттық мұражайы», «Думан» ойын-сауық орталықтарына барып, еңселі Елордамыздың ең көрікті жерлерін аралайды.

Балалардың  жолдағы  қауіпсіздігін аудандық білім бөлімінің  мамандары,  педагог-психологтар, тәрбиеші, медицина қызметкерлері өз жауапкершіліктеріне алған. Оқушылар «Нұр Орда» мектеп-лицейінің жатақханасына орналастырылады.

ЭКСПО – еңселі елдердің тәжірибе алмасу алаңы. Осынау маңызды шараны көру мүмкіндігін сыйлағаны үшін  оқушылар  аудан басшылығына айрықша алғыстарын жаудырды.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
17:42, 14 қыркүйек 2017
ЭКСПО-да еңбек еткендер марапатталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 2017
14:51, 14 қараша 2017
Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 201...
Толығырақ...
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...