ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

Жетеуін жетектеп, ЭКСПО-ға жол тартты

17:38, 31 шілде 2017

Еліміздегі айтулы шара - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі көптің көзайымына айналып отыр. Осы уақытқа дейін Астанаға 1,5 миллионнан астам адам ат басын бұрған. Айту керек, туристердің 67 мыңнан астамы - оңтүстікқазақстандықтар... Бұл – ресми тіркеліп, демеушілер көмегімен көрме қызығын көргендері ғана. Өз қаржысымен барып-қайтқандары қаншама?! Бүгін Шымкенттен отырарлық Әнуар Сейтжан қария жолға шықты.

Әнуар ақсақал - Отырар ауданының құрметті азаматы. 40 жылдан астам өмірін ауыл шаруашылығы саласын көркейтуге арнаған еңбек адамы. Өзі туып-өскен кеңшарды басқарып, қаржы саласында да қажырлы еңбек еткен. Он баланың әкесі бұл күнде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере шөберенің қызығына кенелуде. Қария бүкіл әлем тамсана қараған еліміздегі  көрмеге немерелерін ертіп баруды жөн санаған. 

Айтулы шараға аттанғалы жатқан ақсақалға ақ жол тілеп, ағайыны да келді. Ағаларының игі бастамасын інілері жақсылыққа балап отыр. Өздеріне өнеге санайды. 

Еңкейген қарт та, еркелеген бала да өз елінің патриоты болған абзал. Қолда бар алтынның қадірін біліп, өзімізді өзіміз бағалау керекпіз, –дейді отырарлық ақсақал. Шойын жолмен  Шымкенттен Астанаға тағы да керуен аттанды. Сол көштің ішінде жеті немересін ерткен Әнуар ақсақал да бар. Жерлестеріміз жеті күн бойы небір кереметке куәгер болады. Ата мен бала, немере арасындағы ұрпақтар сабақтастығын бекемдейді. «Қарты бар үй – қазыналы» деген осы...

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзеге асатын болды
14:01, 26 қыркүйек 2017
"ЭКСПО" көрмесіне қойылған озық технологиялар Шымкентте жүзе...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
14:14, 17 қыркүйек 2019
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...