ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Болашақ дәрігерлерге Солтүстіктен сұраныс көп

19:19, 20 сәуір 2017

Медицина саласы бойынша маман даярлаудан өңіріміз көш бастап тұр. Дегенмен, оларды жұмысқа орналастыру мәселесіне келгенде кездесетін қиындық та жоқ емес. Еліміздегі жетекші оқу орындарының бірі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы бітіруші түлектерінің ертеңіне алаңдап, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Сонымен, адам жанының арашасы болғысы келетіндер қайда барып, жұмыс табады?

Миллиондар қаласындағы адам тығыздығы жұмыс орнының тапшылығына әкеп соғады. Ал, еліміздің басқа өңірлерінде, керісінше, маман жетіспейді. Сол себепті, Солтүстік пен Қызылорда облысының жұмыс берушілері жәрмеңкеге ат терлетіп, арнайы келген. Бір ғана Солтүстік өңірге әр түрлі бағыттағы 312 дәрігер қажет. Оның ішінде, әсіресе, терапевтерге сұраныс жоғары.

Мамадияр Байғұлов – Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы жедел медициналық көмек орталығының бас дәрігері

Өзге өңірдегі бос жұмыс орындары мен қолайлы жағдай  студенттердің қызығушылығын оятты. Гүлнұр Күзембай санаулы күнде терапия мамандығы бойынша дипломын алады. «Біздің қалада бұл бағытта бос орын табу қиын. Сондықтан, таңдау жолымен басқа аймаққа баруға дайынмын», -дейді ол.

Гүлнұр Күзембай – Бітіруші түлек

Ал, Асхат Өтебаев академияның 2005 жылғы түлегі. Осындай жәрмеңкеде сәті түсіп, Солтүстіктегі ауылға жұмысқа аттанған. Уақыт өте, кәсіби баспалдақпен көтеріліп, бүгінде бір аурухананың бас дәрігері дәрежесіне жетті. Ол жүріп өткен жол жер ауыстыруға жүрегі дауаламайтын біраз бітірушіге үлгі. Себебі, «өсемін деген маманға бұл - тамаша мүмкіндік»

Асхат Өтебаев – Аққайың аудандық  Орталық ауруханасының бас дәрігері /Солтүстік Қазақстан облысы/

Жалпы, кез-келген медициналық сала маманы жұмыс табу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына барып, тіркелуі керек. Ол жерде  бос орындар туралы ақпарат беріледі. Нақты бағыт көрсетіледі.

АЙЖАН Әшірхан      

Тақырып бойынша материалдар

Білікті дәрігер құрметіне естелік тақтайша орнатылды
18:47, 14 желтоқсан 2017
Білікті дәрігер құрметіне естелік тақтайша орнатылды
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Туберкулезбен күресте жаңа тәсіл ойлап тапты
15:08, 11 желтоқсан 2017
Туберкулезбен күресте жаңа тәсіл ойлап тапты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...