ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЕМІ ДӘРУ, СӨЗІ ШИПА

12:46, 14 маусым 2019

Дәрігер адам-жанының арашасысы десек, үнемі науқастың жанынан табылатын медбике мейірімділік пен жылылықтың символына айналып отыр. Шымкент қаласындағы №2 ауруханада еңбек ететін Ақжамал Естаева да осындай ілтипат пен абыройға бөленген жан. Өз кәсібін беріле атқарғанының арқасында бүгінде ол денсаулық сақтау саласының үздік атанып келеді.

Ақжамал Естаеваның күнделікті жұмысы таңертеңгі сағат 8 болмай басталады. Барлығынан бұрын келіп, ауруханадағы екпе салу жарақатты таңу, ультрабыдысты диагностика бөлмесі секілді орындардың тазалығын тексеріп шығады. Зарарлы инфекцияның таралмауын және оның науқастарға жұқпауын  қадағалайды.

АҚЖАМАЛ ЕСТАЕВА  - №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ  ИНФЕКЦИЯНЫ БАҚЫЛАУ МЕДБИКЕСІ

Бөлімшелерде  санитарлық эпидемиологиялық тәртіптің сақталуын бақылаймыз.  Дезинфекциялық құралдарды дұрыс таңдау және құралдарды анықтау, олардың өршуіне қарсы бақылау жасаймыз.

Ауруханада бүгінде 1 мың 200-дей адам жұмыс істейді. Оның  жартысынан көбі орта буынды медицина қызметкері. Бұл ортада Ақжамал Естаеваны ерекше құрметтейді.  Білікті әріптес, кейінгі буынға үйретері мол маман ретінде үлгі тұтады.

КЕНЖЕТАЙ ФАЙЗУЛЛАЕВА - №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ АҒА МЕДБИКЕСІ

Бұл кісінің өз жұмысына ұқыптылығы, өз ісінің білгірі  ретінде көреміз. Тәжірибе бар, біліктілік бар жаңадан келген медбикелерге білмейтін тұсын дер кезінде келіп үйретеді.

Ақжамал Естаеваны шаһардағы №2 ауруханада медбике болып жұмыс істеп келе жатқанына 35 жылдан асты. Алғашында  осындағы  перзентхана бөлімінде еңбек етті. Аналардың дүниеге аман сау ұрпақ әкеліп,  шаңырақтарына қуаныш сыйлаған сәттерін мақтанышпен еске алады.

АҚЖАМАЛ ЕСТАЕВА №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ИНФЕКЦИЯНЫ БАҚЫЛАУ МЕДБИКЕСІ

Бізге түскен науқас осы жерде емін алып,  үйіне емдеіп шақнанына өте қуаныштымын. Сол жұмысқа үлесімді қосып жатқанымды өзім матан етемін.

Ұзақ жылғы  тәжірибе, өз ісіне адалдық пен жауапкершілік  Ақажамалды оны өз кәсібінің  биігіне шығарды. Игілікті істе  еңбегімен елге танылып, шипалы қолымен талай жанның сауығуына септігін тигізді.Биылғы кәсіби мереке қарсаңында ол денсаулық сақтау минситрілігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНАН БАСТАП ҚОСЫМША ЖАППАЙ ИММУНДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
17:17, 26 тамыз 2019
ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНАН БАСТАП ҚОСЫМША ЖАППАЙ ИММУНДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ...
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
15:39, 22 тамыз 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар