ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Енді жедел жәрдем қызметі кез-келген шақыртуға бармайды

15:46, 11 тамыз 2017

2018 жылдан бастап, Республика бойынша жедел-жәрдем қызметіне де өзгерістер енеді. Бұдан былай, медициналық көмек сұрағандар 4 категория бойынша қабылданады. «103» қызметкерлері алғашқы 3 топтың өкілдеріне, яғни, ауыр халде жатқан, шұғыл көмекті қажет ететін науқастарға ғана барады. Ал, жай басы ауырып, қызуы көтерілгендер және созылмалы дертке шалдыққан 4-ші категория адамдары емханада қаралады.

     Разия Абатова – 20 жылдан бері медицинаның майын ішкен дәрігер. Ол жедел жәрдем қызметіне енгізіліп жатқан өзгерістер «үлкен төңкеріс» емес, - дейді. Себебі, шұғыл көмек мамандары  бұрыннан-ақ, осындай категория өклідеріне қызмет еткен. Яғни, бұл жерде қосылғаны - тек емхананың көмегі болып отыр. Осылайша, ақ халаттылар өмір мен өлім арасында арпаласып жатқандарға тездетіп жетпек. 

     «103»-ке хабарласып, көмек сұрайтындардың 60% созылмалы дертке шалдыққандар көрінеді. Одан басқа, отбасында жанжал шығып, алған физикалық және психологиялық соққысымен  жарының  назарын аударғысы келетіндер мен медициналық емес, моральдық көмекке зәрулер де байланысқа шығады.

     Бұл – миллион тұрғыны бар мегақаланың барлық қоңырауларын қабылдайтын оперативтік орталық. Мұнда 11 диспетчер тәулік бойы дамыл таппай, жұмыс істейді. Олар күніне 2000-2500 қоңырау қабылдайды. Енді енгізіліп жатқан өзгерістер бойынша, хабарласқандардың халін анықтап, оларды категорияға бөлетін де дәл осы мамандар болмақ.

     Басынан дау арылмаған сала жұмысын реттеуде бұл реформаның септігі зор болмақ. Қызмет барысы өзгергенімен, жедел-жәрдем нөмірі «103», өзгеріссіз қалады. Диспетчерлер хабарласқан науқастың дауыс ырғағына және қысқа-нұсқа сұрақтарға берген жауабына қарап, қай категорияға жататынын анықтайды. Медицинаны ғана емес, адам психологиясын да жіті меңгерген мамандар хабарласушының халі қай деңгейде екенін анықтау соншалық қиын емес, - дейді. Сонымен, салада – жаңа реформа. «103» - еріккеннің ермегі емес... Аурухана  ауыр науқастар үшін,  ал, емхана  профилактикалық шараларды бекемдеу үшін қызмет етеді.  Ескеріңіз, Сіз шақырған бригада  нағыз мұқтаждың өмірін сақтап қалуға ат салысуы мүмкін...

АЙЖАН Әшірхан

Тақырып бойынша материалдар

Білікті дәрігер құрметіне естелік тақтайша орнатылды
18:47, 14 желтоқсан 2017
Білікті дәрігер құрметіне естелік тақтайша орнатылды
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Туберкулезбен күресте жаңа тәсіл ойлап тапты
15:08, 11 желтоқсан 2017
Туберкулезбен күресте жаңа тәсіл ойлап тапты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...